Previous Page  142 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 142 / 176 Next Page
Page Background

142

Намаз – діннің діңгегі

алдымызға сыйлады. Қалайша осының бәріне көзді тарс

жұма қараймыз? «Намаз оқуға уақытымыз жоқ» деп

айтуға қалай ғана аузымыз барады?

Ар-ұжданымызды бір мезгіл тыңдап көрелікші?!

Ұждан өтірік айтпайды. Жүрек қалауы не дейді екен?

Жүрек алдамайды. Егер бұлар тыныш болмаса, демек

болашағымыздан бірдеңе сезіп жатыр деген сөз. Бәлкім,

алдын-ала ескертуі шығар?! Әлі де кеш емес. Ендеше,

неге ақыретіміз үшін қам қылмаймыз?

«Еңбектену де ғибадат» деген сөз бар емес

пе, жұмыс істеп, бала асырап жүрміз, намаз

оқудың не керегі бар?

Бұлай айту да үлкен қателік. Біріншіден, «ғибадат»

сөзі дінге ғана қатысты нәрсе. Кез-келген бір іске ғибадат

деп айту үшін Аллаһ немесе пайғамбар тарапынан

бұйырылуы керек. Біле жүріңіз, Құранда да, сүннетте

де «намаздың орнын жұмыс істеп, еңбек ету алмастыра

алады» деген сөз айтылмаған. «Нұр» сүресінің 36-37

аяттарында

«Сауда-саттық адамдар үшін Аллаһты

еске алуға, намаз оқуға, зекет беруге кедергі болмай-

ды. Олар жүрек атаулы ауызға тығылған, көздер қан

жылаған күннен қорқады»

делінген. Жоғарыдағы

аяттар жұмыс пен сауда-саттықтың намазға кедергі

келтірмейтіндігінің айқын дәлелін көрсетіп отыр. Шын-

туайтында әрбір адамға сауда-саттығын жасай жүріп,

немесе түрлі шаруалар атқарумен қатар құлшылықтарын

да толық орындауға мүмкіншілік бар. Бес уақыт намаз

оқуды әмір еткен Раббымыз біздің жұмыс істейтінімізді,

бала-шағаларымыздың барын ескермеген деу орын-

сыз. Ол барлығын да естуші, көріп-білуші екенін естен

шығармайық. Рас, жұмыс істеу ғибадат, тіпті ниетіңізге