Previous Page  135 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 135 / 176 Next Page
Page Background

135

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

алдамасын. Сондай-ақ өте әккі (шайтан) Аллаһтың

кешіріміне сендіріп, сендерді алдамасын

»

201

.

Бұл аятта «қалай болса да Аллаһ кешіреді» деп

намазға немқұрайлы қарау, жақсылыққа бастар жол

еместігі меңзелген.

Мейірімділердің мейірімдісі, рақымды Аллаһ тағала

намазды ешқандай сылтаумен тастамау керектігін

алдын-ала ескертуде. Ал, біз болсақ Аллаһ тағаланы

өзінен артық білетіндей «ол кешіреді, ол мейірімді»

деген жалған үмітті үкілеумен азанның үніне, жүректің

нұры намазға сынық көңіл танытамыз. Қасиетті Құранда

70 мәрте намаз оқуға шақырады. Сонда бұған мән бермей

«кешірер» деп жүре беруіміз кімді алдағандығымыз?

Алдымен мынаның басын ашып алайық,

Раббымыздың рақымы мен кешірімінен құр қалмауды

ойласақ, күні-түні ғибадат етіп, күнәға жетелейтін

жағымсыз іс-әрекеттерден бойды аулақ салғанымыз

абзал. Әйтпесе ғапылдықпен күнәнің апанына түсіп

кетіп, кейін бармақ тістеп қалуымыз кәдік. Мына бір

аятқа назар салып көрейікші:

«Шын мәнінде, Аллаһ

жамандықты білмей істеп, содан соң дереу істеген

ісіне өкініп тәубе еткендердің тәубесін қабыл ала-

ды. Аллаһ әр нәрсені білуші, хикмет иесі

»

202

. Де-

мек, тәубеге келудің де өзіндік шарттары болса керек.

Егер адам күнәні білмей істесе, артынша дереу тәубе

еткені жөн. Жалпы алғанда адам баласы парыз етілген

құлшылығын орындамай жүріп, күнәлі іске бой алды-

рып, өзіне шаң жуытпай, дереу кінәдан өз басын ала

қашуға бейім тұрады. Ал егер пенде біле тұра күнә жа-

сап, артынша Жаратқанға жалбарынып, кешірім тілеп,

201

Лұқпан, 32

202

Ниса, 16