Previous Page  131 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 131 / 176 Next Page
Page Background

131

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

Олай болса, иманы бар пенделер бұл дүниеде

ешқашан да намазды тастамай, ислами бес парызды

кем-кетіксіз түгелімен орындауға тырысқан. Иман, ис-

лам және намаз бір-бірімен салалас, тығыз байланы-

сты.

Иманды адамның намазы оның Аллаһқа деген

шүкірі.

Өмірде адам баласының мұқтаждықтары аз

емес. Аллаһқа, ақырет пен мәңгілік жаннатқа мұқтаж.

Жаратушының кешірімі мен шексіз мейіріміне, барлық

рызық-несібелеріне мұқтаж. Өйткені, бізге Аллаһ

қана осыншама түгесілмес нығметтерді еш қарымсыз

үйіп-төгіп беруде. Аллаһ тағала бүкіл жан-жануарлар

мен жеміс-жидектерді біз үшін жаратты. Жануарлар

адамзатқа (еті, сүйегі және терісімен) қызмет етсе,

жеміс-жидектер жемістерімен ризығымызды артты-

руда. Осының барлығын көру үшін көз, есту үшін

құлақ, ойланып-түйсіну үшін ақыл берді. Өзгелерден

мәртебемізді биіктетіп, саналы етіп жаратты. Осынша

сансыз нығметтерінің қайтарымы үшін бар болғаны

бір Өзіне құлшылық жасауды әмір етті. Құлшылық –

Аллаһтың құлдарына міндеттеген парызы. Мұсылман

үшін иман келтіргеннен кейінгі парыз – намаз оқу.

Намаз – діннің тірегі. Бізге Ислам дініндегі ораза,

зекет, қажылық секілді парыздар періште арқылы жет-

кен. Намаздың Аллаһ тағаладан Пайғамбарымызға

(с.а.с.) тікелей Миғраж сапарында міндеттелуінің өзі

мәнді ақиқат. Хақ тағаланың намазды Миғраж түні

Пайғамбарымызды (с.а.с.) өз құзырына шақырып, та-

быстауы оның басқа ғибадаттардан ерекшелігін айқын

аңғартады

195

. Міне, сондықтан хадисте:

«Намаз –

мұсылманның миғражы

»

196

– делінген.

195

Бухари, Саләт, 1; Муслим, Иман, 263.

196

Тафсиру Хаққи 12/267.