Previous Page  112 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 176 Next Page
Page Background

112

Намаз – діннің діңгегі

түннің (күндізге) таяу кезінде

173

намаз оқы. Шынын-

да жақсылықтар жамандықтарды жояды»

174

– деген

аятты түсіреді. Әлгі кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл аят

менің күнәма қатысты түсті ме?» – деп сұрағанда, Аллаһ

елшісі (с.а.с.): «

Барша үмбетіме қатысты

», – деп жау-

ап береді. Ибн Масғудтың (р.а.) осы сарындас басқа

бір риуаятында: «

Осыған амал қылған үмбеттеріме

»

– деп жеткізеді. Мұнан жақсылықтардың жамандықты

жуып-шаятынын аңғарамыз. Демек, намаз оқығанда,

күздігүні теректен ұшқан жапырақтай бойдағы күнәлар

да саулай төгіледі. Әрине, бұл шынайы намазға ғана

қатысты. Адам өмірде ең соңғы рет намаз оқып

тұрғандай сезініп, енді «күнәлі іске бармаймын» деп

жалынып-жалбарынып, көз жасын төгіп намаз оқыса,

Аллаһ тілегін қабыл алады.

Негізінде шынайы ықыласпен ғибадатын атқарған

адамның жамандықтан тыйылмауы мүмкін емес. Ол

үшін намаз шынайылық пен тақуалықты талап етеді.

Құран кәрімде: «

Мұсылмандар табысқа жетті,

ол табысқа жеткендер намаздарын қорқынышпен

(тақуалықпен) оқитындар»,

– делінген. Яғни пенде-

лік пейілден ажырап, тақуалық танытып, ихсан (сен

Аллаһты көрмесең де, Ол сені көріп тұр) дәрежесінде

намаз оқитындарды

«табысқа жеткендер»

деп

мадақтаған. Өйткені, күнделікті істеген амалдары Аллаһ

алдында бес мәрте таразыға тартылып, шалыс басып,

жіберген қателігі үшін кешірім сұрап, жамандықтан

алыс, жақсылыққа жақын, тозақтан алыс, жаннатқа

жақын Аллаһтың құлдарына айналғандар екі дүниеде

де рахатқа бөленеді.

173

Құптан намазы

174

Һуд, 114.