Previous Page  99 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 99 / 176 Next Page
Page Background

99

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

тарту етілер нығмет-берекелердің емес, осы өміріміздегі

Аллаһтың берген ырыс-берекесінің қарымы ғана».

Қазір әр тыныс алған ауамыз, ішкен суымыз, же-

ген жемісіміз және Аллаһтың берген тағы да сансыз

нығметтерін сұраусыз тегін қолданып жүрміз. Яғни, жа-

сап жатқан құлшылығымыздың қарымын алып қойдық.

Сол себепті де, құлшылық жасауға, қызмет қылуға

міндеттіміз. Бірақ Аллаһ тағала шексіз мейірімімен

бұл құлшылығымыздың сауабын ақыретте де молынан

беретініне уәде берді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «

Кімде-кім

парыз етілген амалдарын толығымен орындаса, Аллаһ

оны жаннатына кіргізеді. Бұған Аллаһ уәде етті. Ал

егер орындамай келсе, Аллаһ ол құлын қаласа азаптай-

ды, қаласа кешіріп жаннатына кіргізеді

»

157

– деген.

3. Намаз оқымау ақыреттегі мәңгілік өмірді

құрдымға жіберуі ықтимал. Адам жаратылысының

негізгі мақсаты – Аллаһқа құлшылық жасау. Құранның

бірнеше аятында мұның маңызы айтылады. Құлшылық-

ты тастағандарға қатты ескерту жасалған. «Муминун»

сүресінің 60-аятында:

«Маған құлшылық жасамай,

мұрындарын шүйіріп тәкаппарланғандар қор боп

тозаққа тасталынады»

– делінген.

«Мурсалат» сүресінде:

«Иланбағандардың сол күнгі

жағдайлары қандай жаман. Олар «рүкүғ жасаңдар»

дегенге бойұсынбайды»

– деп, намаз оқымаудың

мұсылманға жат екенін ескерткен. Бұл – мұсылманның

емес, имансыздың сипаты.

4. Рухани тыныштықтан айырылады. Іштей жай-

сыз күйге енеді. Адамның рухы рухтар әлемінен бұл

дүниеге келіп, денеге еніп, көзге көрінер бейнеде жүр.

Бірақ жаны өзінің мәңгілік мекенін сағынып, жер

157

Имам Малик, Әбу Дәуіт, Нисаи, Ибн Хаббан.