Previous Page  94 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 94 / 176 Next Page
Page Background

94

Намаз – діннің діңгегі

қырық жыл азаншы болған адам да, жаннатқа

есепсіз кіреді

»

149

– деген. Және бір хадисінде: «

Аллаһ

тағалам, имамдарға нұрлы жол көрсет, азаншылардың

күнәларын кешіре гөр

»

150

– деп дұға жасаған.

Жабир ибн Абдуллаһтан (р.а.) Аллаһ елшісі (с.а.с.):

«Кімде-кім азанды естіген кезде: «О, Аллаһ! Осы кемел

шақыру мен оқылатын намаздың Раббы! Мұхаммедке

(с.а.с.) Уәсилә

151

мен жоғары дәреже бер және оны

Өзің уәде еткен мақтаулы орынға жібер» – деп айтса,

Қиямет күні оған шапағатым бұйырады

»

152

– деген.

3. Уақытында оқылған намаз бен қаза

намазы теңесе ала ма?

Дер кезінде оқылмаған намаз «қаза намазы»

деп аталады. Уақытында орындалмаған намаз қалай

оқылатын болса, қазасы да тап солай өтеледі. Ұйықтап

қалған немесе ұмытып кеткен мұсылман дереу есіне

түсе салысымен намазының қазасын өтегені дұрыс.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) белгілі бір себеппен қаза

намазын оқығандығы жайында Әбу Қатада (р.а.) өз

сөзінде былай баяндайды:

Пайғамбарымызбен (с.а.с.) түні бойы жол жүрдік.

Жамағаттан біреу: «Уа, Аллаһтың елшісі, біраз тыны-

ғып алуға рұқсат берсеңіз?» – деп рұқсат сұрайды.

Пайғамбармыз (с.а.с.) оған: «

Ұйықтап қалып намазды

уақытылы оқи алмай қаламыз ба деп қорқып тұрмын

»

149

Тирмизи, Ибн Мажә, Ихия улумид-дин; Кітабул-асрари

саләт; 153 б.

150

Ихия улумид-дин; Кітабул- Асрари саләт; 153 б.

151

«Уәсилә» – тек Пайғамбармызға (с.а.с.) арналған жаннаттың

ең жоғарғы сатысы.

152

Шарху Суюти лисунани Нисай, Китабул – Азан 2/27; әс-

Суннату ибн Әбу Асим 2 / 395.