Previous Page  89 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 89 / 176 Next Page
Page Background

89

V ТАРАУ

Намазға қатысты сұрақ-

жауаптар

1. Намаз қалай парыз болды?

Намаз хижраттан бір жарым жыл бұрын режеп

айының 27 күнінде, Миғраж түні парыз болды. Әнас

(р.а.) жеткізген бір хадисте: «Миғраж түнінде хазірет

пайғамбарға (с.а.с.) елу уақыт намаз парыз етілген,

кейін азайтып беске түсірді. Сол кезде Аллаһ тағала:

«Уа, Мұхаммед! (с.а.с.) Менің сөзім өзгермес. Бес уақыт

намазда сен үшін елу уақыт намаздың сауабы бар»

143

–

деп, елу уақыт намаздың саны беске түссе де сауабы

сол елу уақыттық болып қала беретін мәңгілік өзгермес

намазды парыз қылды. Намаздың елу уақыттан бес

уақытқа түсуі былайша болған еді:

Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Исра менМиғраж» оқиғасы

болған түні Миғраждан қайтып келе жатқанда хазірет

Мұсамен (а.с) жолығады. Мұса (а.с.) Пайғамбарымыздан

(с.а.с.): «

Раббым үмбетіңе нені парыз етті?» –

деп

сұрайды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «

Елу уақыт намаз оқуды

парыз етті» –

деп жауап қатады.

Исрайл ұлдарынан жәбір-жапаны көп көрген

хазірет Мұса (а.с.) «

Раббыңнан парызды жеңілдетуін

өтін. Өйткені бұған үмбетіңнің шамасы келмейді!

Аллаһқа ант етейін, Мен Исрайл ұлдарының шама-

143

Тирмизи, Саләт, 45.