Previous Page  87 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 87 / 176 Next Page
Page Background

87

Тақуалар намазы

Хатами әс-Самнан «Намазды қалай оқисың?» деп

бір кісілер сұраған екен. Сонда ол: «Намаз уақыты

таяғанда жақсылап дәретімді аламын. Намаз оқитын

жерге барып, біраз отырып ойланамын. Сонан соң

намазға тұрамын. Қағбаны – қақ маңдайымның орта-

сында, сиратты (қыл көпірді) – табанымның астына,

жаннатті – оң жағыма, ал тозақты – сол жағыма алып,

Әзірейіл – төбемде тұрғандай сезіммен оқимын. Үрей

мен үміт арасында Әлемдердің Раббы болған Аллаһ

тағаланың құзырында тұрғанымды ойлаймын. Тәкбір

алып, мағыналарына зер сала отырып, Құран аяттарын

оқимын. Кішіпейілділікпен рүкүғ жасаймын. Хушумен

сәждеге барамын. Оң аяғымды тік ұстап, сол аяғымды

жатқызып үстіне отырамын. Намазымды осындай

ықыласпен, шынайылықпен оқуға тырысамын»

140

деген екен.

Сірә, ихсан сезімімен, Аллаһты көріп тұрғандай

оқылған намаз Хатами әс-Самның (р.а.) намазы болса

керек.

Омар ибн Абдулазиздің намазы

Ол – хазірет Омардың немересі, сүйіншісі және

дұғасы. Ел ішінде құрметті, сыйлы болғандықтан, оны

бесінші Халифа деп те атаған. Оның балалық шағы да

ерекше еді. Кейде өзі жалғыз қалғанда қатты жылай-

тын. Бір күні оның жылап жатқанын анасы көріп, не

үшін жылағанын сұрайды. Сонда ол: «Өлімнен кейінгі

өмірімді ойладым», – деп жауап қатады.

Омар ес біліп, етек-жеңін жинай бастаған уақытта

Салих ибн Қайсанның алдынан дәріс тыңдап, тәрбие

алады. Жас Омар ұстазын қатты таңырқататын. Ұстазы

қажылығын өтеу үшін Мәдина қаласына келген әкесі

140

Имам Ғазали, Иһия улумуд-дин, 1 т. Рубул-ибадат, 413, 414 б.