83
Тақуалар намазы
ауғанша намаз оқып, жан-тәнімен беріле дұға ететін
Омар (р.а.) өз отбасын түнгі намазға мына аятты
оқып жүріп оятатын:
«Отбасыңа намаз оқуды бұйыр.
Өзің де сабырлылықпен намаз оқуыңды жалғастыр.
Сенен ырзық сұрамаймыз, (керісінше) Біз сені
ырзықтандырамыз. Жақсы нәтиже тақуалық арқылы
келеді».
Рухани әлемнің қайталанбас текті тұлғасы Омар-
Фаруқтың (р.а.) жамағатпен намаз оқығанда жылаған
даусы соңғы қатардағыларға дейін естілетін. Көбіне
өксігін баса алмай аяттарды аяқтауға дәрмені жетпейтін.
Тіпті, кейде оқыған Құран аяттарының мәніне терең
бойлап, талықсып, құлап түсетін.
Ол намазға тұрғанда бұл дүниені ұмытатын. Тіпті,
Әбу Лүлү деген кісі намаз оқып тұрған кезінде оған
пышақ ұрған. Өзі: «Үшінші рет пышақ ұрғанға дейін
ит тістеген шығар» – деген оймен намазын жалғастыра
бергенін айтқан. Бұл да оның намаздағы ықыласының
белгісі болса керек.
Расулаллаһ (с.а.с.): «Менен кейін пайғамбар
келетін болса, ол сөзсіз Омар (р.а.) болатын еді»
135
–
деген. Сондай мақтауға лайық хазірет Омардың (р.а.)
намазға деген махаббаты ерекше болған. Жоғарыдағы
оқиғаны сабақтасақ, хазірет Омарға (р.а.) Ирандық біреу
қанжар қадағанда ол жерге құлап түседі. Тіпті дыбы-
сын шығара алмайтындай халде жатқан еді. Бір нәрсе
сұрасаң, жауап қатуға шамасы келмей, тек көздерімен
ишара жасайтын. Бірақ жанындағы сахабалар: «Уа,
мұсылмандардың басшысы, намаз!» деп құлшылыққа
шақырғанда, ауыр халіне қарамастан дереу тұруға
әрекет жасап, намазға қол байлайтын. Яғни «Намазды
135
Муслим, Фирдаус-сахаба 2.