Previous Page  85 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 85 / 176 Next Page
Page Background

85

Тақуалар намазы

Аммар (р.а.) досының жарақатын көргенде:

«Саған алғашқы оқ тиісімен мені неге оятпадың? – деп

аяушылық танытады.

Аббадтың (р.а.) осы тұста айтқан жауабы өте

мәнді еді. Аббад (р.а.): «Мен Құраннан оқып жатқан

аяттардың тереңдігіне бойлағаным соншалықты – оны

тоқтатқым келмеді» – дейді

137

. Сахабаның иманының

беріктігі мен Аллаһқа бойсұнғаны соншалық, денесіне

тиген оқты сезбеген де. Қайта бүкіл жан-тәнімен намазға

беріле оқуға түрткі болған. Иә, сахабалар намазға өте

ықыласты еді. Олар осындай тақуалығымен кейінгі

мұсылман үмбетіне үлгі болған.

Сәжде тек Аллаһқа қана жасалады

Эфиопияға хижрет жасаған мұсылмандардың бас-

шысы Жағфар (р.а.) Исламның абыройын төмендетпеу

үшін, Эфиопияның басшысы Нажашидің алдына

барғанда бас имей, тік тұрып амандасады. Өзге елдің

басшысының алдында жасқанып жалтақтамайды.

Нажаши: «Неге маған басыңды иіп сәлем

бермейсің?» – дейді. Жағфар ибн Абу Талип (р.а.):

«Біз әлемдердің раббысы Аллаһ тағалаға ғана бас иіп

сәжде жасаймыз. Жаратушы бізге пайғамбар жіберді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жаннаттық адамдардың сәлемін

жеткізді. Сондықтан, біз өз арамызда пенделермен

қалай сәлемдессек, сенімен де солай сәлемдесеміз» –

деп жауап береді.

Сахабалар Аллаһқа берік сенетіндіктен, бұл сенім

оларға күш-жігер, батылдық беретін. Осындай иманның

арқасында әрдайым толағай табысқа қол жеткізетін.

137

Кутубу ситта.10 т.199 б.