80
Намаз – діннің діңгегі
«Намазға тұрды ма?» деп сұрады сәлден кейін өз-өзіне
келіп. Иә, бұл жолы жамағат намазға тұрып хазірет Әбу
Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұйырғанындай
намаз оқытып жатқан еді. Екі сахабаның көмегімен ор-
нынан тұрып, аяқтарын әрең басса да, пердені ашып
жамағатқа қарады. Жамағаттың алдындағы имамды
көріп, нұрлы жүзі одан сайын жадырай түсті. Мұны
байқағандар қуаныштан намаздарын бұзып жіберуге
аз-ақ қалды. Пайғамбарымыз: «Орындарыңда тұра
беріңдер, намаздарыңды тоқтатпаңдар», – дегендей
ишара білдірді. Артынша Әбу Бәкірдің (р.а.) жаны-
на тұрды. Әбу Бәкір (р.а.) дереу кері шегінгісі келді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның иығынан қолымен басып
орнында тұра бергенін қалады. Бұл Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) жамағатпен бірге оқыған соңғы намазы еді...
132
Сахабалардың намазы
Құлдың Аллаһқа деген құлшылығы жан
дүниесінің көркемдігімен өлшенеді. Яғни Аллаһқа
деген сезімі қаншалықты болса, құлшылығының да
мәні соншалықты болмақ. Намазға ерекше мән берсе,
ақыретте намазының сауабы да мол болып жаннатқа
намаз есігінен шақырылатыны сөзсіз. Бір хадистегі
«
Көп намаз оқығандар – Жаннаттың намаз есігінен
шақырылады
....»
133
деген сүйінші хабар намаздың
маңызды құлшылық екендігін білдіру үшін болса
керек. Сондықтан болар сахаба дегенде, Аллаһтың
бұйрықтарын тек шынайылықпен, ықыласпен оқыған
алып тұлғалар елестейді. Ендеше, мәніне терең сезініп,
132
Табақат, 2/217-218; Муснад, 1/356-357.
133
Муслим, Зекет 86; Тирмизи, Мәнақиб:16.