Previous Page  75 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 75 / 176 Next Page
Page Background

75

Тақуалар намазы

Құлағын тігіп тыңдап көріп еді, аят мазмұнының

терең екендігі аңғарылды. Біраз тұрып Құранның

әуеніне елтіп, сөздеріне ұйығаны соншалық – намаздан

соң, үйіне дейін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) артынан

еріп барады. Үйге кірісімен, іштей толқыған Туфәйл ба-

сынан өткендерді, бұл жерге дейін келу себебін, Құран

сөздерін тыңдамау үшін құлақтарын тығындағанын,

Қағбада пайғамбарды (с.а.с.) көрген сәттен бастап қалай

өзгергенін айтты.

Артынша: «Маған өз дініңді түсіндір», – деді.

Бұл сәттегі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қуанышын

сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Ол Исламның

маңыздылығын түсіндірді де, артынша Құран оқыды.

Туфәйл (р.а.) сол жерде кәлима-шаһадатты айтып

мұсылман болды

123

.

Әрдайым намаз оқығандығы

Пайғамбарымыз (с.а.с.) мүшріктерден именбе-

стен намазын Қағбаның жанында оқитын. Намаз оқып

жатқан кезде кейбір мүшріктер қастандық жасайтын.

Бірақ, ешқашан да олардан қорқып намазын үзбеген.

Майдан даласында екі жақ бір-бірімен қиян-кескі

соғысып жатқан арпалысты сәттерде де сарбаздарды

қаз-қатар тұрғызып, имам болып, намаз оқытатын.

Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға сахабаларды екі

топқа бөлуін, бірінші топ намаз оқығанда, екінші топтың

күзетте тұруын бұйырады. Және бірінші топ бірінші

рәкатты оқып бітісімен, арттағылар орын алмастырып,

Пайғамбарымыз бұларға да бір рәкат намаз оқытатын.

Осылайша, екі топ та Пайғамбарымызбен (с.а.с.)

бірге бір рәкаттан намаз оқитын-ды. Екі рәкат осылай

123

Кандаһлауи, Хаятус - сахаба; 1/215.