Previous Page  72 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 72 / 176 Next Page
Page Background

72

Намаз – діннің діңгегі

бер, Раббыма құлшылық жасайын» – деді де, дәретін

жаңартып, намазға тұрды. Намазда жылағаны соншалық

– көз жасы көкірегіне тамшылап жатты. Рүкүғқа

барғанда да, сәждеге бас қойғанда да ұзақ уақыт жы-

лады. Аллаһ елшісінің жылауы таңғы намаздың уақыты

кіріп, Біләл (р.а.) азан айтқанға дейін созылды». Со-

нан соң: «Уа, Нәби! Аллаһ сенің өткен және болашақ

күнәларыңның бәрін кешірді ғой. Неге мұншалықты

таусыла жылайсың?» – дегенімде, ол: «Аллаһқа шүкір

қылған құл болмаймын ба?»

119

және «Аллаһ тағала

мына аятты түсірсе, қалайша жыламайсың:

«Күмәнсіз

көктер мен жердің жаратылуында, түн мен күндіздің

алмасуында, әлбетте, ақыл иелері үшін дәлелдер бар

120

.

Олар тіке тұрып, отырып, жамбастап жатып (кез

келген жағдайда) Аллаһты еске алады. Сондай-ақ олар

көктер мен жердің жаратылуыжайында ойланады да:

«Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың. Сен пәксің,

бізді от азабынан сақта!». «Раббымыз! Сен кімді отқа

салсаң, расында оны қорладың, залымдардың ешқандай

жәрдемшісі жоқ». Раббымыз! Біз: «Раббыларыңа иман

келтіріңдер (деп) шақырған шақырушыны естіп, иман

келтірдік. Раббымыз! Күнәларымызды жарылқап,

жамандықтарымызды кешір және жақсылармен бірге

өмір бер! Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді

бер, сондай-ақ бізді қиямет күні қорлама. Күдіксіз

Сен уәдеден ешқашан да таймайсың»

121

– деген аятты

оқыды» – деп баяндайды.

Аллаһқа жақын болу мен хақ дінді жаю ісін

тең ұстаған, өне бойы биязылық пен жомарттыққа,

119

Мүснәд 169/93, 111 б.

120

Тарғиб, 2 т. 32 б.

121

Әли Имран 189-193.