Previous Page  71 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 176 Next Page
Page Background

71

Тақуалар намазы

хамида» – деді. Тік тұрғандағы уақыты да рүкүғдағы

уақыты секілді еді. Осыдан кейін сәждеге барып: «Суб-

хана раббиәл ағла», – деді. Сәжделері де ұзақ еді

115

.

Хазірет Айша анамыз (р.а.) Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) оқыған намазын сөзбен жеткізе алмай: «Оның

қиямда тұруын сен сұрамай-ақ қой, мен айтпайын» – деп

таңғалысын білдіретін. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) рүкүғта,

сәждеде, қиямда, ұзақ тұрғанын осылай жеткізген

116

.

Тіпті, Айша (р.а.) анамыз Пайғамбарымыздың (с.а.с)

намазды өте ықыласпен, жылап та, жалбарынып та

оқығанын тілге тиек етіп: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Біләлдің

(р.а.) азан шақырған даусынан оянатын. Дәрет алып,

мешітке барар жолда шашы мен жүзінен су тамшылап

тұратын. Имамдыққа тұрып, намаз оқытқанда көбінесе

жылап тұрғанын еститін едім...», – деген.

Мутаррифтің әкесі риуаят еткен хадисте: «Пай-

ғамбарымыздың (с.а.с.) намаз оқығанын көрдім. На-

мазда жылағаны соншалықты – тасты диірменге салып

үгіткендей көкірегінен ауыр бір дыбыс естіліп тұрды»

117

,

– деп жалбарына намаз оқитынын айтқан.

Пайғамбарымыз намаз бастағанда жанындағы са-

хабалар әркез оның көкірегінен қайнаған қазанның дау-

сындай бұрқылдаған дыбыс еститін еді

118

.

Умәйрұлы Үбәйд (р.а.) Айша анамыздан (р.а.):

«Аллаһ елшісінің ең таң қалдыратын ісін айтыңызшы?»

– деп өтінгенде: «Оның қайсы ісі таң қалдырмады

десеңші?» – дейді де: «Бір түні бөлмеме кірді де,

төсегіме жайғасты. Сонан соң: «Ей, Айша, маған рұқсат

115

Юсуф Кандаһлауи, 1435 б.

116

Бухари, Таһажжуд, 16; Мүслім, Мусафирин, 125.

117

Хафи әл - Мунзири, Тарғиб уа тархиб 1/500.

118

Қади Иаз, Китабу - Шифа би хуқуқи мұстафа 112 б.