Previous Page  66 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 176 Next Page
Page Background

66

Намаз – діннің діңгегі

өкініштісі оған айтатындай түс көрмейтінмін. Бойдақ

болғандықтан кей күндері мешітте түнеп жүрдім. Бір

түні есте қаларлықтай қорқынышты түс көрдім. Екі

қолымнан ұстаған екі періште жетектеп шөлге алып

келді. Әлгі жерде қазылған бір терең құдық көрдім.

Құдық ішінде алаулап от жанып жатыр екен. Айнала-

сында келушілерді күтетін тастармен қаланған екі орын

бар. Сол жерге Құрайыш тайпасынан біреулер келіп

сол отты күтіп тұрғандай болып көрінді. Мен жалыны

лапылдаған, қызыл тілді оттан қатты қорқып: «Уа, Раб-

бым! Тозақтың отынан сақтай гөр!» – деп жалбарына

бастадым. Қатты қорыққаным соншалық, бұл дұғамды

үш мәрте қайталадым.

Сонда бір періште келіп: «Қорықпа, қорықпа!»

– деп қайталады. Періштенің бұл сөзі мені біраз ты-

ныштандырды. Сол сәтте оянып кеттім де, көрген түсім

туралы көп ойландым. Хафса әпкеме көрген түсімді

айтқан едім, ол түсімді қаз-қалпында Аллаһ елшісіне

жеткізіпті. Көңіл қоя отырып тыңдаған Пайғамбарымыз

(с.а.с): «

Абдуллаһ – жақсы жігіт. Шіркін, түнде тұ-

рып біраз намаз оқыса ғой

»

101

– депті.

Бұл хадисті жеткізген кітаптарда: «

Осы оқиғадан

кейін Абдуллаһ түнде тұрып намаз оқуды күнделікті

әдетке айналдырды. Түнде аз ұйықтап, көп намазға

берілетін болды

»

102

– делінген.

Дұха (сәске) намазы

Бұл намаздың сауабы өте көп. Дұха намазын оқыған

мұсылманның барар жері жаннат болатынын Аллаһ

елшісі (с.а.с.): «Сәске уақытында он екі рәкат намазды

101

Имам Науауи, Риадус-салихин, Бухари, Муслим, 2 т. 450 б. №1167

102

А, Шаһин, Онлар бөйледір, 224 б.