Previous Page  63 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 63 / 176 Next Page
Page Background

63

Жамағатпен намаз

ұлылығыма оның алдында кішіпейілділік танытқан,

күні-түні Мені есіне алып, разылығымды алу үшін нәпсі

құмарлықтан тыйылған, аштарды тойдырып, жарлы-

лармен дос болған, қиыншылыққа душар болғандарға

шын жанашырлық таныта білген адамдар менің

пейішіме кіреді, намаздары қабыл болады. Осындай

құлдарымның нұрлары көктегі күндей жарқырайды.

Бұлардың дұғаларын қабыл қылып, қалауларын беремін.

Ашушаңдықтарын мейірімділікке, ғапылдықтарын

зікірге, қараңғылықтарын нұрға айналдырамын. Мұндай

жандардың пейіштегі орындары «фирдаус бағы» бола-

ды. Олардың су аққан арықтары ешқашан суалмайды,

жемістері солмайды»

92

– деген.

Аллаһ елшісі (с.а.с.) түнгі намаз жайлы:

«Парыз

намаздардан кейінгі ең абзалы, түнгі намаз»

93

– де-

ген. Және бір хадисінде

«Түнгі намазды оқыңдар, ол

сендерден бұрынғы ізгі, салихалы құлдардың әдеті.

Шындығында түнгі намаз Аллаһқа жақындатады,

күнәлардан арылтады, ауру-сырқаттардың шипасын

беріп, жамандықтан алшақтатады»

94

– деген.

Екі жаһанның сардары Пайғамбарымыз (с.а.с.)

«

Түнде тұрып намазын оқып, әйелін намазға оятқан, ал

егер әйелі оянбаса, су сеуіп оятуға тырысқан ер кісіге

Аллаһтың мейірімі болады»

95

десе, «

Түнде тұрып на-

мазын оқып, күйеуін намаз оқу үшін оятып, намазын

оқытқан, ал егер оянбаса, су сеуіп оятуға тырысқан

әйелге Аллаһтың мейірімі болады

» – деп, түнгі

намаздың абзалдығын айтқан. Тіпті осындай қайырлы

92

Имам Ғазали, Ихия Улумуддин т.1 Рубуул ғибадат 414 б.

93

Муслим, Әбу Хұрайраның хадисінен

94

Тирмизи, Табарани, Бәйһақи

95

Әбу Дәуіт, Ибн Мажә