61
Жамағатпен намаз
дұғасын оқиды. Содан кейін жамағат имаммен бірге
қосымша үш мәрте «Аллаһу әкбар» деп тәкбір алады.
Имам тәкбірді дауыстап айтса, жамағат іштей айтады.
Үшінші тәкбірден соң қол байланады. Имам ішінен
«аузу» мен «бисмилланы» айтып, дауыстап «Фатиха»
мен қысқа бір сүрені оқиды. Мұнан соң рүкүғ пен сәжде
амалы жасалып, екінші рәкатқа тұрады. Екінші рәкатта
имам «Фатиха» мен бір сүре оқып, тағы да үш мәрте
тәкбір айтады. Содан соң, рүкүғ пен сәждеге барып
намазды тәмәмдайды. Намаздан кейін имам мінберге
шығып хұтба оқиды.
Айт намазына бара жатқанда тәкбір айтылады.
Мұсылмандар бұл тәкбірлерді Ораза айтында жасы-
рын айтса, Құрбан айтында жария айтады. Екі айтта
да мешітке кіргеннен кейін дауыстап тәкбір айтылады.
Егер мешітте уағыз жүріп жатса, уағыз тыңдайды.
Құрбан шалатын адамдар құрбан малдарын бау-
ыздайды. Бірде Аллаһ елшісі (с.а.с.) құрбан шалғанда
«Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар, бұл менен және үмбетімнің
арасынан құрбан шала алмағандардың атынан»
89
– деп
айтқаны бар.
Ташриқ тәкбірі:
Арафа күнінің таң намазынан ба-
стап, құрбан айттың төртінші күнінің екінді намазына
дейін, әр парыз намаздың соңынан ташриқ тәкбірлері
айтылады. Ташриқ тәкбірін әйел де, ер кісі де айта
береді.
Ташриқ тәкбірі: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар,
Ләә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа
лиллаһи һамд» – деп айтылады.
89
Бухари мен Муслим риуаят еткен.