Previous Page  64 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 176 Next Page
Page Background

64

Намаз – діннің діңгегі

істерді жасау барысында жарысу керектігі туралы мына

бір хадисті ойға түйіп алсақ: «Кімде-кім түнгі намазға

тұрып, жарын оятып, бірге намаз оқыса, Аллаһ тағала

ол екеуін Құран кәрімдегі «закирина уа закират» (

үнемі

Аллаһты зікір етуші ерлер мен әйелдердің

) қатарына

жазады»

96

.

Аллаһ тағала Құран кәрімде таһажжуд намазын

оқитындарды

«Олардың жамбастары төсектерінен

ажырап (түнде ұйқыдан тұрып) Раббыларына

жалбарынады»

97

– деп сипаттаған.

Аллаһ тағала Пайғамбарымызға (с.а.с):

«Ей, жа-

мылған (елшім)! Түнде тұрып, түннің аз бір бөлігінен

басқа уақытты құлшылықпен өткіз. Жағдайға қарай

түннің жартысында немесе одан біраз азында немесе

көп уақытында ғибадат қылуың жеткілікті. Құранды

тәртилмен (тәртіппен, дұрыс), түсініп оқы»

98

, –

дейді.

Бұл аяттардан кейін

«Алайда күндіз сенің істейтін

көп шаруаң бар»

99

– деп, өзінің пайғамбарлық міндетін

атқаратын уақыты мен Аллаһ тағалаға жалбарынатын

уақытын білдіреді.

Имам Ғазали түнгі дұға тілек пен намаздың

маңыздылығы жайында былай деген: «Түнде барлығы

тәтті ұйқыға батқан сәтте арштан бір дыбыс естіледі.

Бұл дауыстың иесі: «Мұқият! Мұқият! Құлшылыққа

көңіл бөлгендер, тұрып Аллаһ үшін намаз оқысын!

Аллаһқа шын берілген құлдар ұйқыларынан тұрып на-

маздарын оқиды» – деп ескертеді. Дәл осы дауыс түннің

96

Әбу Дәуіт, Нәсәи.

97

Сәжде, 16.

98

Музаммил 1/4.

99

Музаммил 6/7.