62
Намаз – діннің діңгегі
Сауабы мол нәпіл намаздар
Қабірді нұрландыратын – «Тахажжуд» намазы
«Таһажжуд» – араб тіліндегі «һәжәдә» деген сөздің
түбірінен шығады. Мұның сөздікте екі түрлі мағынасы
бар. Біріншісі, «түнде сергек болу» деген ұғымды
білдірсе, екіншісі «түнде тұрып намаз оқу, түнгі на-
маз» деген мағынада қолданылады.Түнде тәтті ұйқыны
қиып намаз оқу – түннің қараңғылығын нұрландырып,
жарыққа бөлейді. Мұны ақиқаттың балын татып, дүние
сырын терең ұққандар ғана сезіне алады.
Таһажжуд қабір қараңғылығының қақ ортасын-
да сыздықтап сәуле шашқан шырақ тәрізді. Жалпы,
бес уақыт намаздың қай-қайсысы да, адам жанын
нұрландырып, уақыттың белгілі бөліктерін берекеге
бөлейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Таһажжуд намазын
үздіксіз оқу арқылы бізге өміріміздің күндізін де, түнін
де құлшылықсыз өткізбеуді сабақ қылғандай.
Зәбур кітабы түскенде Дәуіт (а.с.) пайғамбардың
анасы: «Балам! Түнде көп ұйықтама. Өйткені түнгі
ұйқы ақыретте адамды кедей қылады»
90
– деп өсиет
айтқан екен.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаһтың құзырында ең
ұнамдынамаз Дәуіттің (а.с.) намазы. Ол түннің бір уағына
дейін ұйықтап, сәл тыныққан соң тұрып құлшылық етіп,
қайта демалатын»
91
– деп, Дәуіт пайғамбардың (а.с.)
қалай құлшылық жасағанын айтқан.
Басқа бір хадисте Дәуіт (а.с.): «Аллаһ тағала,
«пейішіңе» кім кіреді және кімнің намазын қабыл
етесің?» – деп сұрайды. Сонда Аллаһ тағала: «Менің
90
Мағрифетнаме 312 б.
91
Муслим, Сиам 189, Муснад, 2\206.