59
Жамағатпен намаз
сан деген әйгілі еврейдің мұсылман болуына себеп
болған. Сайд ибн Хасан діндерді зерттеген ғалым кісі
еді. Ол ауыр қиыншылықты бастан кешіріп, мешіт
табалдырығын аттайды. Сол сәттегі сезімін былай
жеткізген: «Мешіттегі мұсылмандардың қаз-қатар
тұрғандарын көріп, ішімнен бір үн естігендей болдым.
Ол үн: «Еврей қауымына түскен пайғамбарлардың
соңы келешекте өзге жамағатқа келеді деген сөз рас»
дегендей еді. Имам сол сәтте мына аятты оқып жатты:
«Негізінде, Аллаһ әділдікті, игілікті және ағайынға
қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, шектен
шығушылықтан тыяды. Әрине, түсінерсіңдер деп наси-
хат береді»
86
. Құлшылықтарын бастағанда бір тылсым
күш келіп іштегі сезімімді түрткілеп, мені құлшылыққа
тартты. Өйткені, мұсылмандардың қаз-қатар тұрып
намаз оқулары адамдардың емес, періштелердің сап
түзеп тұрғанындай көрінді»
87
. Осылайша өмір бойы
өзге сенімде жүрген еврей ғалымы иман келтіріп, на-
маз оқуға ниет етеді.
Иә, осыдан намазымыз немесе басқа да құл-
шылықтарымыз сырт көзге ислами үлгі екенін көреміз.
Егер тек Аллаһ разылығы үшін құлшылықтарымызды
шынайы түрде атқарар болсақ, біздің бұл іс-әрекетіміз
жанымыздағы адамдарға да ой салып, әсер ететіні анық.
Кей кезде мұсылмандық болмыспен үлгі бола білу уағыз
бен насихаттан да асып түсіп жатады. Адамдар нағыз
мұсылманның қандай болатынын естуге ғана емес,
көруге де мұқтаж.
86
Нахл, 90.
87
Рефик, И Едеп я һу 84 б.