Previous Page  54 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 54 / 176 Next Page
Page Background

54

Намаз – діннің діңгегі

халыққа естілуі үшін сырттан тағы бір азан шақырғанды

құп көреді. Османның (р.а.) осы бастамасын ислам

ғұламалары бірауыздан мақұлдап, барша мұсылман

жұртшылығы бұл сүннетті орындап келеді

72

.

Жұмада дұға қабыл болатын уақыт

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «

Жұма күнінде қасиетті

бір сағат бар. Мұсылман сол сағатта намаз оқып,

қол жайып тілек қылса, Аллаһ тағала оның тілегін

міндетті түрде қабыл алады

»

73

– деген.

Тағы бір хадисінде: «

Алақанында ақ айнасы бар

Жәбірейіл періште маған келіп: – Аллаһ тағала саған

және сенің үмбетіңе мейрам күні болсын деп жұма

күнін парыз қылды, – деді. Мен: – Бұл күнде не бар?

– деп сұрағанымда, Жәбірейіл: – Сендер үшін бұл

күнде қайырлы бір сағат бар, кім сол сағат ішінде

тағдырында жазылған нәрсені сұраса, Аллаһ тағала

сұрағанын береді. Егер ол сұрағаны тағдырында

жазылмаған болса, Аллаһ оны ақыретте артығымен

береді. Егер пенде жаманшылықтан Аллаһқа сыйын-

са, (тағдырында жазулы жаманшылықтан), Аллаһ

оны одан да асқан жаманшылықтан сақтайды. Бұл

күн күндердің сұлтаны әрі біз бұл күнді «яумул-мәзид»

(жақсылығы мол күн) деп атаймыз

»

74

– деген.

Бұл нақты қай сағат екені жайында сахабалар мен

табиғиндер және одан кейін келген фиқһ ғұламалары

түрлі болжамдар айтқан. Мысалы, Абдуллаһ ибн Сәләм

(р.а.): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) отыр екен. Мен: «Аллаһ-

72

Бухари, Жұма 21; 25 Мәнақиб 25; Муслим, Фадайл 6,7.

73

Бухари, Жұма 37; Талақ 24, Дағуат 61.

74

ИмамШафиғи, Муснад. Табарани; Аусат. Имам Ғазали, Ихия

улумиддин 158 б.