Previous Page  49 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 176 Next Page
Page Background

49

Намазға ниет

Тағы бір айта кететін жайт Құран кәрімнің елу-

ден астам аяттарында «салат» (намаз) сөзі «иқама»

етістігімен бірге қолданылған. «Иқама» сөзі тұрғызу,

орнықтыру деген мағыналарды білдіреді. Құранда

«Ақиму салата», яғни «намазды тұрғызыңдар» – деп

бұйырған. Мұндағы «тұрғызу» деген сөз намазды

дұрыс, толық, кемшіліксіз орындау деген мағынаға сай

келеді. Бұл жайында Құран мен хадистерге сүйеніп,

фиқһ ғұламалары түрлі үкім берген. Соның ішінде Әбу

Ханифа мәзһабында «тағдил әрканды» уәжіп десе, ал

кейбіреулері парыз деп санаған.