44
Намаз – діннің діңгегі
кіші, жасырын, жария жасаған барлық күнәларымды
кешіре гөр
»
58
– деп нәпіл намаздарында дұға қылған.
Кейде «Аллаһ тағалам! Өзіңе сәжде жасадым. Өзіңе
сеніп, бойұсындым. Жүзі де өзі жаратып көркем бейнелі
еткен, оған құлақ пен көз берген Жаратушысына сәжде
жасады. Аллаһ қандай ұлы!»
59
– деген мағынадағы
дұғаны айтып, Жаратушыға бас иген.
Осы орайда айта кететін жайт, рүкүғ пен сәждеде
сырт пішініміз кішіпейілділікті білдірсе де, ең басты
мақсат жүректегі кішіпейілділік екенін ұмытпауымыз
керек. Құл намазда маңдайын топыраққа тигізіп, өзінің
топырақтан жаратылып, қайта топыраққа қайтатынын
түсініп, өркөкіректік пен Аллаһқа серік қосудан аулақ
болып, жан-тәнімен Аллаһқа бас исе, бұл да иманының
шынайы бір көрінісі.
Соңғы отырыс
Соңғы (әт-тәхият оқитындай уақыт) отырыс
намаздың рүкіндерінің қатарына енеді. Екі рәкаттық
намазда, екінші рәкаттың соңындағы отырыс намаздың
рүкіні болып саналады. Ал, төрт рәкаттық намазда
төртінші рәкаттың соңындағы отырыс «ақырғы оты-
рыс» болып есептеледі. Намаздың ақырғы отырысында
«әт-тәхият» дұғасы іштей оқылады.
«Әт-тәхият» дұғасы миғражды еске салады.
Миғраж – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Аллаһтың
құзырына шыққан түні. Бұл – көктегі есіктердің ашы-
лып, Аллаһ тағала разылығымен Пайғамбарымызды
(с.а.с.) өз құзырына шақырған түн. Ал, біз Аллаһтың
құзырына шығу үшін, міндетті түрде бізге ақиқат
58
Муслим, Салат 216: Әбу Дәуіт, Салат 152.
59
Муслим, Салатул - мусафирин 201; Тирмизи, Дағуат 32; Әбу
Дәуіт, Салат 121.