Previous Page  40 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 176 Next Page
Page Background

40

Намаз – діннің діңгегі

сол қолымыз үнемі жағымсыз істерге, ластықтарды

тазартуға қолданылады. Алайда, сол қолмен оң қолдың

айырмашылығы жаратылысынан емес, қолданысынан

болса керек.

Мүміннің оң қолы ақыретке, сол қолы дүниеге,

ал жүзі Аллаһқа бағытталады. Мұндағы пәлсапа оң

қолмен сол қолды байлау арқылы екі дүниенің ал-

дамшы қызықтарын тәрк етіп, жүзімізбен Аллаһқа

бұрылуымыздың көрінісін, тек Аллаһтың разылығын

қалаудың бейнесін айшықтап көрсетеді.

Білекті оң қолдың саусақтарымен байлау – сүннет.

Бұл жөнінде Уайл ибн Хажар (р.а.): «

Аллаһ елшісінің

(с.а.с.) оң қолын сол қолының үстінен ұстап, кіндігінің

астына қойғанын көрдім

»

52

– деген. Олай болса, бұл

сүннет амалды орындаудың маңыздылығы сонда, оны

тек сырт бейнемізбен емес, ішкі жан жүрегімізбен

орындасақ абзал.

Қиям

«Қиям» сөзі –

«тік тұру»

деген мағынаны білдіреді.

Адамзаттың Аллаһтың құзырында тік тұруы, жұмыр ба-

сты пенденің екі аяқты қылып жаратылғанын еске сала-

ды. Өйткені, жануарлар төрт аяқтың көмегіне жүгінсе,

енді кейбірі бауырымен жорғалайды. Аллаһ тағала адам

баласының еңсесін тіктеп, ең көркем үлгіде саналы етіп

жаратқан.

Аллаһ тағала құлын жансыздардың арасындағы

жандысы, жандылардың арасындағы сезімі асқағы,

сезімділердің арасындағы ақыл есі мен дербес қалау

еркіндігі бар, ең кемел түрде жаратқан. Сонымен бірге

52

Әсғад Мухаммад Сағид әс-Сағиржи, «Фиқһул‑ханафи уә

адиллатуһ»163 б. «Дәрул-калимут-таййб», Димашқ.