Previous Page  35 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 176 Next Page
Page Background

35

Намазға ниет

алғанда ғана жай табады

47

. Жаратушыға жақындауға ты-

рысып, оның разылығы қайда болса, сол жолда жүреді,

Аллаһ оның көңіліне, жан дүниесіне қуаныш сыйлай-

ды.

Мұсылмандар үшін бұл дүние сынақ. Олар әр түрлі

машақаттармен сыналатыны секілді дәрет қиынды-

ғымен де сын таразысына тартылады. Пенде дәрет алуға

ерініп, қиыншылығына бола намаз оқығысы келмеуі

мүмкін. Бірақ мұсылманның иманы мен Аллаһқа деген

шынайы сенімі қиыншылық өткелінен алып шығады.

«Машақатына қарай сауабы еселенеді» деген қағида

бойынша жайлы үйде, жылы сумен дәрет алғаннан

гөрі, қақаған суықта сүріне жүріп, ауыртпашылықпен

алынған дәреттің сауабы мол болмақ. Бұл амалы өзіне

бір игі іс болып жазылуы мүмкін. Бірақ кейде топыраққа

көмілген бір дәннен жеті жүз сабақ өнетіні рас. Сол

секілді істеген бір амалының сауабы сансыз есеге

еселеніп кетуі де ғажап емес. Барлығы шексіз құдіретті

Аллаһтың қалауында!

Дәреттің дұғасы

Мұсылман діндегі сүннет пен әдепке көңіл бөліп

толық дәрет алған соң, құбылаға жүзін бұрып:

«Әшһаду

әл-ләә иләһа иллаллаһу, уаһдаһу лә шәрика ләһ, уә әшһәду

әннә Муһаммадан абдуһу уа расулуһ»

деп айтса, оған

жаннаттың есіктері ашылып, қалағанынан кіретіні ха-

дистерден мәлім

48

.

Бұл дәрежеге дәрет алған әрбір пенде қол жеткізе

алмауы мүмкін. Алайда, бұл амалдың маңыздылығына

47

«Жүректер тек Аллаһты еске алумен ғана жай табады»

(Рағд, 28)

48

Муслим, Тахарат 33.