34
Намаз – діннің діңгегі
қолданылған тағы бір сөз – «аләл-мәкәриһ» сөзі. Бұл сөз
қиын жағдайда судың суықтығына немесе машақатына
қарамастан дәретті толық алу керектігін меңзейді.
Қақаған қыста дәрет алған мүміннің, бір ағзасынан,
екінші ағзасына дейін жуғанша суықтан дірілдеп жау-
рауы мүмкін. Бірақ, оның бәрін тақуалықпен ғана жеңіп
шығуға болады.
Екінші мәселе: «Мешітке барарда ұзақ жол жүру».
Мешіт жолында басқан әрбір қадамымыз, ақыреттің
топырағына себілген жеміс ағашының дәнегі секілді.
Құран аятында айтылғандай бір дән жүздеген жеміс
береді
46
. Яғни, бұ дүниеде ақыреті үшін жасалған бір
қадам, бір ізгі амал, жүректен айтылған бір тәсбих, бір
дұға ақыретте жемісі түгесілмейтін мәуелі ағашқа ай-
налуы мүмкін.
Үшінші мәселе: «Бір намаздан кейін екінші на-
мазды асыға күту». Басқа бір хадисте «жүректің ұдайы
мешітпен байланыста болуы керектігі» айтылады.
Яғни, мешітте Аллаһқа ең көп сәжде жасалады. Мешіт
– Аллаһтың үйі. Аллаһ өз үйіне келген қонағын құр
жібермесі анық. Тілеген тілектерін міндетті түрде қабыл
алады.
Қиын жағдайда дәрет алу, мешітке бару, бір намаз-
дан соң келесі намазды асыға күту – осы үш амалдың
да намазға тікелей қатысы бар. Сол себепті де, мүмін
үнемі намазға ниеттеніп жүргендіктен, намаз оқығандай
сауапқа ие болады. Өйткені, жүрегімен намазды қалап,
рухы тек соған ғана құмартады. Жаны тек Аллаһты еске
46
«
Аллаһ жолында дүние жұмсағандар әр сабағына жүз түйір
дән біткен егін тәрізді. Аллаһ қалағанына еселеп береді.
Аллаһ тым жомарт, барлық нәрсені білуші»
(Бақара, 261)