Previous Page  38 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 38 / 176 Next Page
Page Background

38

Намаз – діннің діңгегі

Сондықтан да, намазды тек Аллаһ разылығы үшін

деген ниетпен оқуымыз керек. Мүмін амалды жан-

тәнімен һәм жүрек қалауымен қолға алғаны дұрыс.

Істейтін амалы ғапылдықтан аулақ болып, тек Аллаһ

разылығы деген биік мақсатқа жетелесе ғана шынайы

ниеттенген болып саналады.

Ифтитах тәкбірі

«Ифтитах» – сөзі мағына тұрғысынан қазақтың

«ашу», «кіру», «бастау»

деген сөздеріне жақын келеді.

«Тәкбір» сөзі ұлықтауды, яғни, Аллаһтың ұлы Жарату-

шы екенін айқындай түседі.

Мұсылман «Аллаһу әкбар» деп бас бармағын

құлағының жұмсағына тигізіп тәкбір алып, намазын

бастайды. Оны «ифтитах тәкбірі»деп атайды. Аталмыш

тәкбір құлдың «Дүниелік қайғы - мұңнан, пенделік ни-

еттен арылып, жалпы, Аллаһтан басқа барлық нәрсенің

бәрін тәрк етіп, Жаратушының құзырында тұрмын» де-

ген тұспалды білдіреді.

Бүкіл тарих сахнасында пұттарға табынып, оны-

сымен қоймай өздерін теңдессіз үстем санап, құдай

деңгейіне шығарған перғауын сынды жұмыр басты

пенделердің болғаны баршаға аян. Оларда үстемдік

пен тәкаппарлық басым еді. Сол себепті өздерін ұлыға

санап, өзгелерге өзін ұлы дегізгісі келген дәрежеде

тәкаппарланған. Сондықтан да біз «Ифтитах тәкбірі»

арқылы намазымызды бастап, «Аллаһу әкбар», яғни,

«Аллаһ аса ұлы», «Аллаһтан басқа ешкім де ұлы емес»

деп, күллі жаратылыстың құдайы тек Аллаһ екенін

шегелеп тұрып айтамыз. Бұл сөзді қасқайып тұрып,

Аллаһқа деген құрметімізді білдіріп, мақтанышпен

жеткіземіз.