Previous Page  42 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 42 / 176 Next Page
Page Background

42

Намаз – діннің діңгегі

белі бүгілген жануар кейпінде емес, еңсесін тік ұстаған

жаратылыс еттің! Сенің алдыңда иіліп рүкүғқа барсам

да, қайта тік тұруға күш бердің. Бізді әрдайым иіліп

жүретін жануарлардан емес, тік тұрып, тік жүретін адам-

дардан еттің» деген ұғымды осы халімен білдіреді.

Рүкүғ – құлдың әлсіз, мұқтаж екенін, ал Аллаһтың

ұлы әрі құдірет күшке ие екенін ойға салады. Өйткені

жаратылыс атаулысы үшін мұрнын көкке шүйіріп, ба-

сын жоғары көтеру – тәкаппарлықтың белгісі. Ал бас ию

мен еңкею кішіпейілділік пен бойсұнғыштықтың ныша-

ны. Құранда

«Ей, иман келтіргендер, рүкүғ жасаңдар»

55

делінген.

Пенде рүкүғ арқылы Аллаһқа ғана бас иіп, сыйлы

әрі құрметті құл бола алады.

Рүкүғте «субхана раббиал-азим» (Ұлы Аллаһ

тағала кемшілік пен айып атаулыдан пәк) деп Аллаһты

мадақтайды. Бұл сөйлем үш сөзден тұрады. Біріншісі:

«Субхана» – Аллаһ тағаланың ешбір жаратылысқа

ұқсамайтынын және Аллаһтың қандай да бір кемшіліктен

пәк екенін білдіретін сөз.

Екіншісі: «Раб» сөзі болса «тәрбиелеуші» һәм

«барлық жаратылыстың қажеттіліктерін қамтамасыз

етуші» деген мағыналарды меңзейді. Біз осы тәсбіх

арқылы Раббылыққа Аллаһтан басқа ешкімнің лайықты

еместігін білдіреміз.

Үшіншісі: «Азыйм». Рүкүғте Аллаһтың ұлы

екені еске алынады. Ол – адам баласының шектеулі

ақылымен түсіне алмайтын деңгейдегі ғаламат ұлылық.

Сондықтан-да ұлылық тек Аллаһқа ғана тән. Құдіреті

шексіз әрі күшті Аллаһты мысалмен, я шектеулі

55

Хаж, 22/77.