Previous Page  47 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 176 Next Page
Page Background

47

Намазға ниет

Намазда тұрған шынайы мұсылманның қимыл-

қозғалысы сырт көзді қатты әсерлендіріп, «иманы

толық тақуа һәм шынайылықпен намаз оқып жатыр»

дегізетіндей сипатта құлшылық жасайды. Әсіресе, са-

намыз түрлі ойлармен былғанған қазіргі таңда «тағдил

әрканға» немқұрайлы қарайтынымыз жасырын емес.

Намазда тұрғанда көз ілеспес қимылдармен рүкүғқа

барып, рүкүғқа жетер-жетпестен қиямға тұрып, екі

сәжде арасындағы отырыста сәждеге асығып, намазға

лайықты рүкіндер ақсап жатыр. Нағыз мұсылман

қиям, қырағат, рүкүғ, сәжде, отырыс және бұлардың

арасындағы рүкіндерге, яғни «тағдил әрканға» мән

беруі шарт. Осыған байланысты бір хадисті мысалға

келтірейік. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір күні мешітке бас

сұғады да, бір сахабаның намаз оқығанын сырттай біраз

бақылап отырады. Бір уақытта әлгі сахаба намазын

бітіріп, сәлем береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сәлемін

алып, «

Намазыңды қайтадан оқы. Өйткені, сен намаз

оқымадың

!» – дейді. Ол қайтадан (алдында оқығандай)

намаз оқиды. Содан соң пайғамбарымызға (с.а.с.) қайта

келеді: Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы да «

Намазды қайта

оқы. Өйткені, сен намаз оқымадың

» – дейді. Бұл жайт үш

мәрте қайталанады. Сахаба: «Сені елші ретінде жіберген

Аллаһтың атымен ант етейін! Мұнан артық намаз оқи

алар емеспін. Маған дұрыс оқуды үйрет!» – дейді. Сонда

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «

Алдымен намазда тәкбір ал.

Одан кейін өзіңе жеңіл Құранның сүресін оқып рүкүғқа

бар. Рүкүғты сезініп, көңіліңнен шыққанша тұр. Содан

соң сәжде жаса. Сәждені де көңіліңдегідей ет. Содан

соң, басыңды көтеріп, көңіліңдегідей ақырғы отырысқа