Previous Page  43 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 176 Next Page
Page Background

43

Намазға ниет

ақылмен түсіндіру біз секілді әлсіз пендеге қиынға

соғары мәлім.

Сәжде

«Сәжде» сөзі – «

бойұсыну», «кішіпейілдікпен бас

ию», «маңдайын жерге тигізу»

дегенді білдіреді. Сәжде

– намаздың рүкіні.

Сәжде – Аллаһтың құзырында құлдың ең құрметті

басын жерге июі деген сөз. Құл сәжде арқылы Аллаһқа

деген құрметін білдіреді. Қиямда тұру Аллаһқа деген

сый-құрметтің бірінші мәртебесі болса, ал рүкүғ екінші

мәртебесі. Сәжде болса Аллаһқа деген сый-құрметтің

ең жоғарғы дәрежесі.

Саналы мұсылман сәждеде ақыл-ойымен, ішкі жан

дүниесімен, сезімімен Аллаһқа жақындай түседі. Аллаһ

елшісі (с.а.с.) хадисінде: «

Құлдың Аллаһқа ең жақын

сәті сәждеде

»

56

деп сәжде арқылы құлдың Аллаһқа

жақындай алатынын ескерткен. Тағы бір аятта

«Ей, иман

еткендер! Рүкүғ пен сәжде жасаңдар»

57

делінген.

Яғни, құл сәждеде Аллаһқа жақындай түседі. Адам

Аллаһтың құзырында тәндік болмысымен қаншалықты

басын иіп, кішіпейілдігін білдірсе, рухани тұрғыдан

да соншалықты жоғарылап, құрмет-сыйға лайықты

болады. Сәжде арқылы жүректегі кішіпейілділік пен

руханият артады.

Сәждеде «Субхана раббиял аләә» (Ұлы Аллаһ

барлық кемшіліктерден пәк) деп үш мәрте Аллаһты

ұлықтайды, пәктейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Жаратқанға жақындап, сәжде қыл»

(Алақ 96/19) де-

ген аятқа бойұсынып, сәждеде: «

Аллаһ тағалам, үлкен-

56

Суюти, Китабул-ифтитах 226 / 1137.

57

Хаж, 22/77.