45
Намазға ниет
жолының бағдаршамы болған Аллаһ елшісіне сәлем
жолдау арқылы Аллаһтың құзырына көтерілеміз.
«Әт-тәхият»
– сөзбен (тілмен) айтылған барлық
ғибадаттар;
«Уас-салауат»
– іс-әрекет, қимыл-қозғалыспен
жасалған барша құлшылықтар;
«Уат-тайибат»
– мал-мүлкімізбен жасаған күллі
ғибадаттарымыз.
«Әт-тәхият» – Аллаһ тағалаға жолданатын сәлем.
Басқаша түсіндірсек, адамдарға сәлем берілсе, Аллаһқа
«тахият» айтылады. «Әт-тәхият» дұғасының мағынасы:
«Аллаһ тағалаға тахият (сәлем) болсын! Іс-әрекетімізбен
және мал-мүлкімізбен жасаған ғибадаттар да Аллаһ
тағалаға тән. Уа, Пайғамбар! Саған сәлем, Аллаһтың
рақымы мен берекеті жаусын! (Уа, Раббымыз!) Сәлем
бізге және Аллаһтың ізгі құлдарына болсын! Мен
Аллаһтан өзге ешқандай құдайдың жоқтығына және
хазірет Мұхаммед (с.а.с.) Аллаһтың құлы әрі пайғам
бары екеніне куәлік етемін»
60
.
Шын мәнінде әрбір жаратылыстың өзіне тән тілі
мен тылсым сырлары жетерлік. Бәрі де өз үнімен,
өз тілімен Аллаһты мадақтап, сол тұрған қалпында
өздеріне тән ғибадаттарын жасайды. Өйткені, Құранда
«Жер мен көктегі барлық жаратылыстар Аллаһты
пәктейді»
61
делінген.
Намаз – сол күллі жаратылыс
атаулының барлығының ғибадаттарының жиынтық
үлгісі іспеттес. Асқар таулар тік тұрып, намаздағы
қиямның бейнесін елестетсе, жануарлар мәңгілік
Аллаһтың алдында белдері бүгілген күйде рүкүғ жа-
сап тұр. Ал, өсімдіктердің бәрі түп-тамыры жерден
60
Бухари, Азан, 148.
61
Исра, 44.