Previous Page  51 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 51 / 176 Next Page
Page Background

51

ІІІ ТАРАУ

Жамағатпен намаз

Жамағатпен намаз оқудың қоғамның береке-

бір-лігін орнықтыру тұрғысында берері мол. Сондай

намаздың бірі – жұма намазы.

Жұма намазы

Жұма – мұсылман қауымы үшін қасиетті күн. Аллаһ

тағала Құран кәрімде:

«Ей, иман еткендер! Жұма на­

мазының азаны шақырылғанда, дереу Аллаһты еске

алуға (намазға) ұмтылыңдар және сауда-саттықты

тоқтатыңдар»

65

– деп дүниелік істерін тастап, сол

сәт барша мұсылмандарға жамағатпен жұма намазын

оқуға шақырған. Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Кімде-кім

жұма намазын себепсіз үш мәрте оқымаған болса,

Аллаһ тағала ол адамның жүрегіне мөр басады»

66

–

деп, дүниелік істерді сылтауратып, жұма намазына

салғырттықпен қараған пенденің жүрегін тот басып,

имани қасиеттерден жұрдай бола бастайтындығын

айтады. Аллаһ елшісінің және бір сөзінде жұма күні

көз жұмған пенде жайында:

«Кімде-кім жұма күні не-

месе жұма түні қайтыс болса, Аллаһ оны қабір аза-

бынан құтқарып, шейіттің сауабына кенелтеді»

67

–

делінген.

65

Жұма, 9.

66

Имам Ахмад, Асхабу-сунән. Хаким, Әбу Жағд Дамири ри-

уаят еткен сахих хадис

67

Тирмизи; Науадир. Имам Ғазали, Ихия-Улумиддин 158 б.