Previous Page  52 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 52 / 176 Next Page
Page Background

52

Намаз – діннің діңгегі

Біз әр күнімізді бес уақыт намаз оқу арқылы

нұрландырамыз. Дәл сол секілді әр аптада бір келетін

жұмаға уақыт бөліп, сол күнгі жамағатпен оқылатын

жұма намазы арқылы аптамызды берекелі қылуға

ұмтыламыз. Жұма намазында жүзімізді құбылаға

бұрып, барлық ықылас, ниетімізді Раббымызға арнап

жалбарынамыз. Өйткені, жұма Аллаһтың жаратқан

күндерінің ішіндегі ең қасиеттісі. Аллаһ елшісі (с.а.с.)

былай деген: «Күндердің ең қасиеттісі жұма күні,

Аллаһтың құзырында да бұл күн өте маңызды болмақ.

Жұма күні Аллаһ тағала үшін Құрбан айт пен Ораза

айт мерекелерінен де артық. Бұл күннің бойында бес

қасиет бар: Аллаһ тағала осы күні Адамды (а.с.) жа-

ратты. Осы күні Адамды (а.с.) жер бетіне түсірді әрі

бұл күні Адам (а.с.) қайтыс болды. Жұмада қасиетті

бір сағат бар. Сол сағатта мүміннің харамнан өзге тілегі

қабыл етіледі. Қиямет осы күні орнайды. Сондықтан

да, Аллаһ тағалаға жақын періштелер, аспан, жер, жел,

тау, теңіз секілді жаратылыстың баршасы осы күннен

қорқады»

68

. Тағы бір риуаятта «Аллаһ тағаланың жұма

күнінде алпыс мың адам тозақ отынан құтылады»

69

делінген.

Ендеше, жұма – адамдарды Аллаһқа жақындататын

қасиетті күн екен. Осы күні мұсылмандар көңіліне

ұнамды тілектерін тілеп, Аллаһтың кешірімі мен са-

уабын алады. Мұны мына хадистен байқауға болады.

Аллаһ елшісі (с.а.с.): «

Мұсылман бір намаздан келесі

намазға, бір жұмадан келесі жұмаға, Рамазаннан

келесі Рамазанға дейінгі аралықта ауыр күнә істемесе,

68

Ибн Мажә, Иқама 79; Муснад, 3/429.

69

Ибн Хаббан, Дуафа. Даруқутни, Илал. Имам Ғазали; Ихия

Улумиддин 158 б.