56
Намаз – діннің діңгегі
жұмаға келетін болса, жуынсын
»
78
– деген. Жұма
намазына келмей тұрып тырнақ қысқарту, ауыз шай-
ып, тістерді тазалау, таза киімдерін кию, жағымды иіс
беретін әтір себіну секілді амалдар сүннетке жатады.
Имам Шафиғи (р.а.): «Кім киімін тазартса, қайғы-
мұңы азаяды, жақсы иістер себінсе, ақылы артады»
79
– деген. Ал, киімдердің ең дұрысы – ақ киім. Аллаһ
тағалаға ең жағымды киім – ақ түстісі. Киген киім
басқалардан ерекше етіп көрсетпегені дұрыс. Ал қара
киім киюді мәкруһ дегендер де болған. Мұсылман осы
қасиетті күнде Құран оқып, дұға тілеп, тәубеге келеді.
Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтып, шынайы
жүрекпен Аллаһ тағаладан кешірім тілейді. Жұма на-
мазына ертерек барудың сауабы да мол. Бұл жайында
Ақиық елші (с.а.с.): «
Кім жұмаға алғашқы сағатында
келсе, ол түйе сойғандай сауап алады. Екінші сағатында
келсе, сиыр сойғандай сауап алады. Үшінші сағатында
келсе, қошқар сойғандай сауабын алады. Егер төртінші
сағатында келсе, тауықтың сауабын алады. Ал бесінші
сағатында келсе, жұмыртқа сауабын алады. Имам
мінберге шыққан сәтте, кітаптар (сауап жазылатын
амал дәптерлер) жабылып, қаламдар тоқтатылады.
Періштелер уағыз тыңдауға мінберге қарай бет алады.
Бұл уақыттан кейін келгендер, тек намаз үшін келген
болады, оларға ешқандай артық сауап берілмейді»
80
–
деп, жұма намазына ерте барудың сауабы мол екендігін
айтқан. Әбу Хұрайра (р.а.) риуаят еткен мына хадисте
78
Әбу Сайдтың хадисі. Бухари мен Муслим риуаят еткен.
79
Имам Ғазали, Ихия Улумиддин 160 б.
80
Әбу Хұрайра мен Әнастан риуаят етілген хадис. Бухари мен
Муслимде риуаят етілген. Имам Ғазали; Ихия Улумиддин
160 б.