57
Жамағатпен намаз
Аллаһ елшісі (с.а.с.) былай деген: «
Егер адамдар мына
үш нәрседенің қаншалықты құнды екенін білсе, түйедей
желісе де оған үлгеруге тырысар еді. Олар: азан,
намаздың бірінші қатары, жұмаға ерте бару
»
81
.
Жұма намазында адамдардың арасын бөліп, баса-
көктеп жүрмеуге тырысу керек. Жұмаға ерте келудің осы
тұрғыдан да пайдасы зор. Ерте келген адам ешкімді ма-
заламай, алдыңғы қатардан орын алады. Кеш келгеніне
қарамастан отырғандарды аттап өту адамды сауаптан
мақұрым қалдыратындығына мына хадис дәлел.
Ибн Жарир былай дейді: «
Аллаһ елшісі (с.а.с.)
жұма күні хұтпа айтып жатқанда, мешіттегілердің
желкелерінен аттап бір адамның өзіне жақын келіп
отырғанын байқайды. Жұма намазын оқып болған
соң, әлгі адам тағы да солай жасап келе жатып
Пайғамбарымызға (с.а.с.) жолығып қалады. Аллаһ
елшісі (с.а.с.) оған: – Ей, пәленше, сен неге бізбен бірге
жұма намазын оқымадың
? – дейді. Сонда ол: –
Уа,
Аллаһтың елшісі! (с.а.с.) Мен қазір ғана жұма нама-
зын сіздермен бірге оқыдым
», – дейді. Аллаһ елшісі
(с.а.с.): «
Отырғандардың арасын аттап өткеніңді
көрмедік пе
?!» – деп
82
, оның адамдардың арасымен ки-
мелей өтіп жүргенінің дұрыс емес екендігін түсіндірген.
Алайда алдыңғы қатар бос тұрса, онда өтуге болады
және есіктің жанында отырғандардан да аттап өтуге
болатындығы айтылған. Және жұма намазында намаз
оқып жатқан адамдардың алдынан аттап өтудің дұрыс
емес екендігін, тіпті қырық жыл тұрсаң да оның ал-
дын кесіп өтпеу керектігі жайында бір хадисте: «
Намаз
оқушының алдын кесіп өтуден гөрі қырық жыл бойы
81
Имам Ғазали, Ихия Улумиддин, 160 б.
82
Ибн Мубәрак, Рақайқ. Имам Ғазали, Ихия Улумиддин 160 б.