Previous Page  60 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 60 / 176 Next Page
Page Background

60

Намаз – діннің діңгегі

Айт намаздары

Айт намазы

88

– жылына екі мәрте келетін екі

рәкаттық намаз. Бірі Ораза айтта, екіншісі Құрбан айт

уақытында оқылады. Аллаһ тағала мұсылмандарға екі

айт күнін мейрам ретінде сый еткен. Біз осы мүбәрак

мейрамның табалдырығын құлшылықпен аттап, айт

намазын жамағатпен бірге оқимыз. Айт намазынан

кейін барша мұсылмандар бір-бірімен ашық-жарқын

амандасып, бірін-бірі ұлық мерекемен құттықтап, хал

-жағдайларын сұрасып, кішігірім өкпе-реніштері болса

ұмытып, бір-біріне айттасып, өзара сыйласып, дастар-

ханнан дәм татысып, әңгіме-дүкен құрып, мейрамды

Құран оқумен бастап, аяғын тілек-батамен аяқтап жа-

тады. Осылайша барша мұсылман баласы жылына екі

мәрте келетін қуанышты күнді бір атаның баласындай

өткеруге тырысады. Бір-бірін алаламай, бай-кедей бо-

лып бөлінбей, лауазымды басшы мен қарапайым шаруа

да, ақ нәсілді мен қара нәсілді де иық тірестіре сап түзеп,

ұлтына, тегіне, қарамай бірге айт намазын оқиды.

Айт намазының оқылуы жұма намазы секілді. Алай-

да, жұма намазында хұтба оқу шарт болса, айт намазы

үшін хұтба оқу сүннет. Бірақ, хұтба жұма намазының

алдында оқылса, айт намаздарында намаздан кейін

оқылады. Жұма намазына дайындалғаны секілді айт

күні де мұсылмандар ғұсыл құйынып, таза киімдерін

киіп, жағымды иістер себінеді. Бұл күні айт намазына

бір жолмен барып, қайтарда басқа жолмен қайтады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) да осылай жасаған.

Айт намазында алдымен «Аллаһу әкбар» деп тәкбір

айтылып, онан кейін қолдарын байлап «субханака»

88

Айт – араб тілінде «мейрам» деген мағынаны білдіреді.