65
Жамағатпен намаз
бір уағында: «Мұқият! Мұқият! Аллаһтан қорқып, таң
шапағы ағарғанға дейін намаз оқыңдар» – деп екінші
мәрте ескертеді. Содан соң біраз уақыт өткен соң
тағы да: «Аллаһтан күнәларына кешірім сұрайтындар
ұйқыларынан тұрып, намаз оқып, кешірім сұрасын!»
– дейді. Шын мәнінде, күнәларының кешірілуін
қалағандар түнделетіп тұрып намаздарын оқып,
Аллаһқа тәубе қылып, кешірім сұрайды. Дәл осы дыбыс
күн шыққаннан кейін: «Мұқият! Мұқият! Намаздарын
оқымаған ғапылдар тұрсын» – дейді. Сол сәтте намазда-
рын оқымаған ғапылдар ақыретте қабірден тұрған өлілер
секілді төсектерінен тұрады (намазының қазасын оқып
тәубеге келеді немесе қаза намазын оқымай қиналып,
жұмыстарына кетеді)».
Сондықтан Лұқман Хакім ұлына айтқан өсиетінде:
«Құлыным, таңғы қораздар шақырған сәтте ұйықтама.
Тұрып дәретіңді алып, намазыңды оқы» – деген екен.
Имам Ғазали құптан намазының дәретімен таңғы
намазды оқыған көптеген адамдар болғанын, тіпті
табиғиндерден 40 адамның 40 жыл бойы осылай намаз
оқығанын жеткізген. Мысалы: Таус Йемени және Уаһб
ибн Мунаббиһ 40 жыл, Сайд әл-Мусайяб 50 жыл, Имам
Ағзам 40 жыл, Абдуллаһ ибн Зәйд 40 жыл, Хушәйм
ибн Башир 20 жыл, Ибн Сахнун 14 жыл бойы құптан
намазына алған дәретімен таң намазын оқыған
100
.
Абдуллаһ ибн Омардың түсі
Хазірет Омардың (р.а.) баласы Абдуллаһ (р.а.)
жастық шағында көрген түсін былай баяндайды:
«Мен де өзгелер секілді Пайғамбарымызға (а.с.)
көрген түсімді айтып, жорытқым келетін. Бірақ,
100
Имам Ғазали, Иһия Улумуддин, 1/359.