Previous Page  70 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 176 Next Page
Page Background

70

Намаз – діннің діңгегі

рыз намазына «дұха», «әууабин», «Таһажжуд», т.б.

нәпіл намаздарды да қосып оқып, құлшылыққа ерек-

ше ынтазарлығын байқатқан. Аллаһқа деген сүйіспен-

шілігін құлшылығын арттыру арқылы білдіріп, үмбетіне

үлгі болған. Нәпіл намазында рүкүғқа барғанын

көргендер: «Ойпырм-ай, сәждеге баруды ұмытпады ма

екен?» – дейтіндей көп уақыт тұратын. Хадистердің

тағы бірінде Жәбірейілдің (а.с.) оған: «Саған намазға

деген құштарлық берілді. Одан қалағаныңша нәсібіңді

ал»

114

, – дегенінен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) намазға

деген құштарлығы Аллаһ тағаланың берген сыйы екенін

аңғарамыз.

Хузайфә (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

намазға деген ықыласын былайша жеткізеді: «Бір түні

байқатпастан келіп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) арты-

на намазға тұрдым. Аллаһ елшісі (с.а.с.) «Фатиха»

сүресінен кейін «Бақара» сүресін оқи бастады. Мен

ішімнен «Бақара» сүресінің жүзінші аятында рүкүғқа

баратын шығар деп ойладым. («Бақара» сүресінде

286 аят бар). Алайда менің ойлағанымдай болмады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Бақара» сүресін бітіріп, әрі

қарай «Ниса» сүресін оқыды. («Ниса» сүресінде 176

аят бар). «Ниса» сүресін тәмамдаған соң, «Әли Имран»

сүресіне өтті («Әли Имран» сүресінде 200 аят бар).

Салмақты, бір әуезбен мағыналы қалыпта оқи берді,

оқи берді... Таспих аяттарын оқығанда «субханаллаһ»

дейді, дұға аяттарын оқыған сәтте дұға қылады. Сыйы-

нады. Жалбарынатын аятты оқыған кезде Аллаһқа жал-

барынады. «Әли Имран» сүресінен кейін рүкүғқа ба-

рып: «Субхана раббиәл азим» деді. Рүкүғы да қиямына

ұқсас. Рүкүғтан кейін тік тұрып, «Самиаллаһу лиман

114

әл-Бидая 6 т. 58 б.