69
ІV ТАРАУ
Тақуалар намазы
Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.)
намазы
Пайғамбарымыз намаздағы әрбір қимылын ерек-
ше ықыласпен орындайтын. Тіпті періштелердің өзі
оның намазына қызыға қараған. Сырт көзге өмірі
тек құлшылықтан тұратындай әсер беретін. Тіпті бір
хадисінде: «
Менің ең үлкен қуанышым намазда. Намаз
– көзімнің нұры, рухани ләззатым
»
111
– деп, намаздың
маңызды құлшылық екенін білдірген. Оның әрбір на-
мазы Аллаһтың құзырына жетелейтін «миғраж» секілді
еді. Бұл турасында «
Аллаһты көріп тұрғандай намаз
оқы. Сен Аллаһты көрмесең де, Ол сені көріп тұр
»
112
,
– деп, соңғы рет намаз оқып тұрғандай, яғни, ихсан
түсінігімен намаз оқу керектігін өсиет еткен.
Екі жиһан сәруары (с.а.с.) дұғасында: «
Уа,
Аллаһ тағалам! Дұрыс пен бұрыстың арасын
алыстатқаныңдай, мені де қателіктерімнен алыс-
тата гөр. Уа, Аллаһ тағалам! Ақ киімнің кірден
тазаланғанындай, мені де қателіктерімнен тазарта
гөр
»
113
– деп шынайы ықыласпен тілек тілейтін. Намазға
ықыластылығы соншалық – парыз болған намаздар-
мен бірге нәпіл намаздарын да оқитын. Бес уақыт па-
111
М. Юсуф Кандаһлауи: Хаятус - сахаба 3т. 500 б.
112
Бухари, Иман 1/27.
113
Әбу Дәуіт, Хаким