68
Намаз – діннің діңгегі
төбеге жеткенге дейін оқылады. Аллаһ елшісі (с.а.с.)
осы уақытта намаз оқыған. Бұл намазды оқу мұстахаб
(оқыса сауабы бар, ал оқымаса күнәсі жоқ).
Әууабин намазы
«Аууаб» –
тәубе қылушы, жалбарынушы
де-
ген мағынаны білдіреді. Сондықтан болса керек,
Нәби (с.а.с.) бұл намазды «Тәубе етіп, Аллаһқа
жалбарынғандардың намазы»
109
деген. Бұл намаз алты
рәкаттан тұратындықтан, алты рәкатын бірден қосып
оқып, соңында бір сәлеммен аяқтауға да немесе екі-екі
рәкаттан үшке бөліп оқуға да болады. Бұл намаздың
сауабының молдығы турасында Аллаһ елшісі (с.а.с.):
«Кім ақшам намазынан кейін, қандай да бір жағымсыз
сөз айтпастан алты рәкат (әууабин намазын) оқитын
болса, оған он жыл намаз оқығандай сауап жазылады»
110
– деген.
Әууабин намазының уақыты – ақшам намазынан
кейінгі уақыт. Бұл намазды оқу – мұстахаб.
109
Жамиғу – ахадис, 13 т. 491 б. 13611 хадис
110
Тирмизи, Саләт, 202.