Previous Page  67 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 67 / 176 Next Page
Page Background

67

Жамағатпен намаз

үзбей оқыған кісі үшін жаннаттан бір сарай салына-

ды» деп сүйіншілеген

103

. Және осы дұха намазын үзбей

оқығандар жаннаттың дұха есігінен кіретіндігі жайында

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жаннатта «дұха» деген есік

болады. Ақырет болғанда сол есіктен: – «Дұха намазын

үзбей оқып жүргендер қайда? Аллаһтың мейірімімен

мына есіктен кіріңдер, – деп шақырады» – дейді

104

. Олай

болса дұха намазы әу бастан бері тақуа құлдардың үзбей

оқып келген намазы болмақ. Сондықтан болса керек

Нәби (с.а.с.) «Дұха намазы, әууабин (Аллаһқа шынайы

тәубе етуші) құлдардың намазы»

105

деген.

Бұл намаздың қанша рәкаттан тұратындығы жай-

лы түрлі риуаяттар бар. Әлидің әпкесі Уммі Һани:

«Пайғамбарымыз (с.а.с.) сегіз рәкаттық дұха нама-

зын ұзағынан, жақсылап тұрып оқитын»

106

дейді. Ал

Айша анамыз (р.а.) болса: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) төрт

рәкат дұха намазын оқитын, сонан соң қалағанынша

арттыратын»

107

деген. Кейде Аллаһ елшісінің (с.а.с.)

екі рәкат оқығандығы

108

, кейде алты рәкат оқығандығы

риуаят етілген. Осылайша дұха намазын қалағанынша

екі, төрт, алты, сегіз рәкат қылып оқуға болатындығы

айтылған. Алайда ең абзалы сегіз рәкат қылып оқу

болмақ.

Уақытына келер болсақ, дұха намазы сәске

уақытында, яғни күн найза бойындай көтеріліп, тас

103

Тирмизи, Үтір, 15.

104

Табарани, Аусат 5/195, 5060. Һайсами 2/239.

105

Жамиғу - ахадис, 13 т. 491 б. 13611 хадис

106

Бухари мен Муслим «Аллаһ елшісі дұһа намазын сегіз рәкат

оқыды» деп риуаят еткен. Байһақи, Сунәну кубра 1/8. Таба-

рани, Муғжамул -кәбир, 18/459

107

Муслим

108

Хаким, Фадл - саләтул - дұһа.