Previous Page  73 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 176 Next Page
Page Background

73

Тақуалар намазы

әдептілікке тұнып тұрған Пайғамбарымыз (с.а.с.) қай

жағынан алғанда да, барша адамзатқа үлгі. Кейде намаз-

ды ұзақ оқығаны соншалықты, артындағы жамағат әлгі

намазды бітпейтіндей көретін еді. Дұға жасаса, сондай

ықыласты еді.

Бір күні Ибн Масғуд (р.а.) Аллаһ елшісінің (с.а.с.)

нәпіл намаз оқып тұрған үстінен түседі. Көп ойланып

жатпастан дереу оның артына ұйып тұра қалады. Бұл

оқиғаны өзі былай баяндайды: «Артына ұйып тұра

қалдым, небәрі екі-ақ рәкат намаз еді. Бірақ, Аллаһ

елшісі (с.а.с.) сүрелерді ұзақ оқыды. «Бақара» сүресін

бітіргенде рүкүғқа баратын шығармыз деп ойладым.

Бірақ ол «Әли Имран» сүресіне өтті. Ол біткенде,

«Енді рүкүғқа баратын шығармыз» – деп, көңілім бай-

ыз таппай тұр еді, іле «Ниса» сүресін бастап кетті.

Рүкүғқа әлі бармастан «Мәида» сүресін де оқи баста-

ды. Алғашқы рәкаттың өзінде-ақ осы төрт сүрені, яғни

Құранның 124 бетін оқыды. Шыны керек, сол уақытта

маған бір ой келді. Жанында отырған сахабалар: «Не

ойладыңыз?» – деп сұрады. Ибн Масғуд: «Сабырым

жетпей кеткендіктен, намазды сол жерден үзсем бе екен

дедім»

122

– дейді.

«Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бойында сендер-

ге үлгі боларлық көп қасиеттер бар»

деп Құранда

айтылғанындай, Пайғамбарымыз (с.а.с.) ғибадатты

орындауда да, іс жүзінде барша мұсылмандарға үлгі

көрсеткен. Осыны Ибн Масғуд (р.а.) секілді ең алдыңғы

қатарлы сахабаның өзі оның оқыған намазына шыдай

алмағанынан-ақ аңғаруға болады. Аллаһ елшісінің

(с.а.с.) құлшылықта әрқашан алда болғаны осыдан-ақ

белгілі.

122

Кандаһлауи, Хаятус - сахаба, 3/503.