Previous Page  77 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 77 / 176 Next Page
Page Background

77

Тақуалар намазы

Құрайыштардың «Бәдір соғысында» жеңілгеніне дейін

дұға тілеп, үздіксіз дұғасын жалғастыра берді. Нәби

(с.а.с.) еш уақытта амалымен де, тілімен де дұғасын

тоқтатқан емес

126

.

Екі жаһан саруары (с.а.с.) соғыстарда немесе қиын

жағдайларда да бұйырылған намаздарды қаза қылмауға

тырысқан. Тіпті түнделетіп нәпіл намаздарын да оқитын

еді. Хазірет Әли (р.а.) «Бәдір» соғысы жайлы: «Арамыз-

да Мирдадтан (р.а.) басқа атты әскер жоқ еді. Сол кезде

есімде қалғаны Аллаһ елшісінен (с.а.с.) басқамыз тегіс

ұйқыға бас қойдық. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір ағаштың

жанында таң атқанша жылап намаз оқыды» – деген.

Хазірет Әли (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) күндізді

соғыспен, түнін құлшылықпен өткізгенін осындай

таңғалыспен жеткізген.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) әлденеге ренжісе, дереу

намазға тұратын. Әркез Біләлға: «Уа, Біләл, намаз-

бен бізді рахаттандыр»

127

, – дейтін. Дүниенің қиын-

шылықтарын намазға жығылып, Аллаһқа жалбарыну-

мен еңсеруге тырысатын. Қиын сәттерде намаз оқып,

дүниелік кірлерден намаз арқылы тазарып тұратын

болған

.

Иә, оның Аллаһқа деген құштарлығы мен ғашық-

тығын сөзбен жеткізіп тауыса алмаспыз. Аллаһ елшісі на-

мазын қандай жағдай болмасын, тіпті, қайтыс болардың

алдында, өлімнің қиын сәтінде де ұмытпаған. Бақиға ат-

танар сәтінде де намазға ерекше көңіл бөлген. Өйткені

намаз рухани азығы еді. Өмірінің соңғы сәттерінде ау-

руы асқынып, өзі қатты әлсірегеніне қарамастан, бесін

мен екінді намазын оқу үшін екі кісінің жәрдемімен

126

Хайсами, Мәжмау әз-зауаид, 6/283.

127

Әбу Дәуіт, Әдеп, 78.