Previous Page  74 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 74 / 176 Next Page
Page Background

74

Намаз – діннің діңгегі

Туфәйлдың мұсылман болуы

Туфәйл ибн Амр (р.а.) Аус қауымының сыйлы

әрі құрметті адамы еді. Бір күні жолы түсіп Мекке

қаласына келеді. Ол кезде Меккеде мұсылмандар мен

мүшріктердің арасы өте ушығып тұрған-ды. Туфәйл

Меккеге келгенде алдынан мүшріктер қаумалап «Мек-

кеге қош келдің! Бұл жақта мынаған өте абай бол.

Мұхаммед (с.а.с.) деген біреу бізді ауыр жағдайға ду-

шар етіп отыр. Арамызға іріткі салып, дінін насихаттап,

ұйыған сүттей болып отырғанымызда шырқымызды

бұзды. Сөздерінде бір ерекше сиқыр бар. Адамды

өзіне еріксіз баурап алады! Әке мен баланың, күйеу

мен әйелдің және жора-жолдастың арасына сына қағып

жатыр! Біздің осындай жағдайға ұшырағанымыз секілді

болашақта сенің қауымыңның да бұндай қиыншылыққа

тап болғанын қаламаймыз. Ақылымызды тыңдасаң

Мұхаммедтен аулақ жүр, айтқан сөзін тыңдама, тіпті

сөйлеспегенің дұрыс», – деп жамыраса ақыл айтады.

Бұл әңгімеден кейін Туфәйл шынында да Пайғам-

барымыздан (с.а.с.) қауіптеніп, айтқан сөзін естімеу үшін

құлағына мақта тығып жүретін болды. Бірде Қағбаға

барса, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Қағбаның жанында намаз

оқып тұр екен. Туфәйл оған ұзақ уақыт қадала қарап

тұрып қалды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бар ықыласымен

Құран оқып тұрған еді. Туфәйл еріксіз Құран сөздеріне

құлақ түрді. Естіген Құраны мен Расулаллаһтың шы-

найы істеген ғибадаты оны әсерлендірмей қоймады.

Артынша: «Мен неге құлағымды бітеуім керек?

Өзім ақындықтың қыр-сырын білетін, сөз мәнісін ажы-

рата алатын адам емеспін бе? Айтқандарын тыңдап

көрсем қайтеді? Игілігі болса алармын, жаман болса,

алыстап, өз жөніме кетермін», – деген ой келеді.