79
Тақуалар намазы
арандай ашып, азуын ақситып тұрған түрі сұсты бір
аң бар еді. Тағы да бір қадам жасасам, мені қылғытып
жұтып жіберуге дайын тұрғандай еді»
130
, – деген.
Бұл Құрандағы
«Аллаһ сені адамдардан (кәпір-
лерден) қорғайды»
131
деген Аллаһтың уәдесінің
дәлелі.
Соңғы намазы
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүниемен қоштасар
уақыты да таяған. Науқасы күннен-күнге меңдеп,
күшейіп барады. Бірде: «Біләлға (р.а.) айтыңдар! Азан
шақырсын! Әбу Бәкір (р.а.) қайда? Жамағатқа намаз
оқытсын», – деді де талықсып кетті. Сәлден кейін
кірпіктері баяу қозғалып: «Намаз оқылды ма?» – деп
сұрады. Жамағат әлі намазға тұрмаған еді. Өйткені
барлығы не істеу керектігін білмей абдырап қалған-
ды.
Бұны естігенде Айша (р.а.) анамыз: «Әкем –
жұмсақ жүректі адам. Шыдай алмайды. Имамдыққа
басқа біреуін бұйырсаңыз, уа, Аллаһтың елшісі!» – деп,
Әбу Бәкірдің жұмсақ жүректі, намазда ылғи да жылап
тұратынын ескертті. Оның орнына басқа жанның имам
болуын өтінді. Бірақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Біләлға
айтыңдар! Азан шақырсын! Әбу Бәкірге (р.а.) айтыңдар!
Жамағатқа намаз оқытсын» – деп тағы қайталады. Бұны
орындау ендігі жерде міндет еді. Ол: «Араларыңда Әбу
Бәкір (р.а.) болғанда, басқаның имамдыққа шығуы
дұрыс емес», – деп Әбу Бәкірдің (р.а.) өзінен кейін
орынбасары болатынын білдірген-ді. Аллаһ елшісінің
өз-өзіне келуі қиындай бастады. Тағы да талықсып кетті.
130
Фаһриддин әр-Рази, Тафсирул кәбир, 31 т. 23 б.
131
Маида, 67.