Previous Page  81 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 81 / 176 Next Page
Page Background

81

Тақуалар намазы

намазды ынтамен оқығымыз келсе, сөзсіз сахабалардың

да намазға қаншалықты көңіл бөлгенін білуге тиіспіз.

Жақсылықта жарысу

Әбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Бір күні

мұһажирлердің кедейлері келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі!

Байлар байлықтарымен жақсылық жасайды. Сол үшін

дәрежелері биіктеп, мәңгілік «найм» жаннатына кіреді.

Біз олардың деңгейлеріне қалай қол жеткіземіз? Біз

оқыған намазды олар да оқиды, біз тұтқан оразаны

олар да тұтады. Садақа да береді. Біз болсақ дәл солар

секілді садақа бере алмаймыз (жағдайымыз көтермейді).

Олар құл азат ете алады. Ол амал біздің қолымыздан

келмейді» деп мұңын шағады. Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Сендердің оларға жетулерің үшін бір амал үйретейін

бе? Егер осы үйреткенімді істесеңдер, мерейлерің үстем

болады. Сендерден озғысы келген біреу болса, тек осы

амалмен ғана озады. Басқа ешкімнің де шоқтығы сізден

биік бола алмайды» – дейді.

Олар бірауыздан: «Айтыңыз, уа, Аллаһтың елші-

сі» – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әр намаздан

соң отыз үш мәрте «субханаллаһ», отыз үш мәрте

«әлһамдулиллаһ», отыз үш мәрте «Аллаһу әкбар» деп

айтыңдар» – деді.

Олар осы дұғаны үздіксіз оқи бастайды. Бірақ көп

ұзамай байлар да бұл дұғаны үйреніп алып оқи бастай-

ды.

Муһажирлердің кедейлері қайта Пайғамбарымызға

(с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі, бұл амалды бай ба-

уырларымыз да естіп, олар да біз секілді осы ғибадатпен

амал етуде» – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с): «

Бұл