84
Намаз – діннің діңгегі
тастағанның діннен нәсібі жоқ» деген қағиданы бойына
сіңіргенін аңғарамыз.
Омар (р.а.) намаз оқуға ниеттенген сәтте бой-
ын қорқыныш сезімі билеп, денесі дірілдеп кететін.
Себебін сұрағандарға: «Аманатты өтеудің, парызды
орындаудың уақыты келді. Бірақ қалай өтейтінімді
білмеймін»
136
– деп жауап қататын. Мұнысы парызды
қалай өтеуді білмегендіктен емес, оны Аллаһқа лайықты
түрде шынайы ықыласпен қалай өтеу керектігіне
қиналғандығынан айтатын.
Намазға деген ерекше жауапкершілік
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларымен бірге
«Затурриқа» соғысына жиналды. Ұзақ жол жүріп
шаршаған соң, тынығып алмаққа аялдайды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аббас ибн Бишр мен Аммар
ибн Ясирді (р.а.) жауды бағдарлауға қолайлы бір жер-
ге күзетшілікке қойған еді. Бұл екеуі кезекпен күзете
бастады. Өз кезегінде Аммар (р.а.) демалып, ал, Аббад
(р.а.) намаз оқи бастаған-ды.
Бұларды сырттай аңдыған бір мүшрік намазға
тұрған Аббадты көріп дереу бір оқ атады. Ол оқ қолмен
қадағандай нысанаға дәл тиеді. Бірақ, Аббад (р.а.) оқты
қолымен суырып тастап, намазын үзбей жалғастыра
береді. Мүшрік оның намазын үзбегенін көріп тағы
да оқ атады. Оны да суырып тастайды. Үшінші рет оқ
нысанаға дәл тиеді. Жау Аббад намазын тоқтатпаған
соң жарақаттанбаған шығар деп тоқтамай ата берген
еді. Біраз уақыттан соң, досы ұйқыдан оянады. Мүшрік
олардың екеу екенін біліп, қаша жөнелді.
136
Имам Ғазали, Иләһи низам 87 б.