86
Намаз – діннің діңгегі
Табиғиндердің намазы
Табиғиндердің намазға деген ынта-ықыластарының
зор екендігі соншалық, олардың араларында тіпті түнді
намаз оқумен өткізетін Фудайл ибн Иаз, Таус ибн
Қайсан, Ибраһим ән-Наһаи секілді тақуалар бар еді.
Бұлар күндіз-түні тек құлшылық жасап қана қоймай,
күнделікті рызық-несібелерін адал еңбектерімен тауып,
жұмыс істейтін шынайы мұсылмандар болған.
Олардың арасында сол кезеңдегі ұрыс-жанжалдар
мен саяси шиеленістерге қарамай, күн-түнін
құлшылықпен өткізіп, күніне мың рәкат намаз оқыған
Зейнел Абидин секілді
138
және қырық жыл бойы құптан
намазының дәретімен таң намазын оқыған
139
Таус Йеме-
ни секілді Аллаһтың сүйікті құлдары да кездескен.
Хатами әс-Самның намазы
«Егер бұл оқитын жұма намазың соңғы намаз бо-
латынын білген болсаң, оны ықыласпен, көз жасыңмен
оқуға тырысатын едің. Мүмкін, Жаратушының
«кешірдім» деген сүйінші хабарын естімейінше,
басыңды сәждеден алмайтын едің.
Егер әр оқыған намазыңды «бұл соңғы нама-
зым шығар. Осы намазым арқылы Раббымды разы
қыламын. Бұл намазым арқылы жамандықтардан,
күнәлардан аулақ боламын. Ең үлкен азап болған
тозақтан құтыламын. Бұл намазым арқылы пейішке
кіремін» – деп ықыласпен оқитын болсаң, ол намаз сені
жалықтырмайды. Керісінше, саған ләззат, рухани азық,
көңіліңе қуаныш береді».
138
Ибн Асакир, Тариһу Димашқ 4/378; әл-Миззи, Тахзибул - к -
мал, 20/390
139
Ибн Хиббан, әс-Сиқат, 5/488.