92
Намаз – діннің діңгегі
ты кірісімен жамағатты жинайтын шақыру жолының
реті табылмайды. Ол кезде намазға шақыру үшін «ас-
саләәт, ас-саләәт» (намаз, намаз!) немесе «ас-саләту жа-
миа! (жамағат намазына жиналыңдар!)» – деп бір-бірін
намазға шақыратын. Ал, мешіттен алыстау тұратындар
бұл дауысты ести алмай намазға кешігіп қалатын еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабаларын жи
нап, намазға қалай шақыру керектігі жөнінде мәжіліс
құрады. Кейбір сахабалар христиандар сияқты қоңырау
соғуды ұсынса, енді біреулер еврейлер тәрізді сырнай
тартуды алға тартты. Тіпті, отқа табынатын мәжуси
лерге ұқсап, намаз уақыты кіргенде от жағайық деген-
дер де болды
147
. Бірақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұлар
дың ешқайсысын құп көрмеді. Сонан соң, сахабалар
үйлеріне қайтты. Сол түні Абдуллаһ ибн Зәйд (р.а.) атты
сахаба бір түс көреді. Түсінде оған азанның дәл қазіргі
сөзі үйретілді. Ол өзі былай әңгімелейді:
«Ұйқылы-ояу жатқан едім. Маған біреу келді. Үс
тінде екі жасыл киімі бар. Бір кішкене тамның үсті
не шығып алды. Бір қолында қоңырау бар екен. Мен
оған: «Сен маған қоңырауыңды сат» дедім. Ол: «Бұны
не істейсің?» – деп сұрады. Мен: «қоңырау шалып,
жамағатты намазға шақырамыз», – деп жауап бердім.
Сонда ол: «Мен саған одан да жақсы бір сөз
үйретсем
қалай қарайсың?» – деді. Мен: «Тіпті, жақсы болар еді»,
– дедім.
Құбылаға бетін бұрды да, азан сөздерін толығымен
айтып берді. Содан кейін сәл бөгелді де, азан сөздерін
қайта айтты. Бірақ, мұның аяғына таман 2 мәрте «Қад
қаматиссалаһ» – деген сөйлемді қосты (бұл қамәт бо
латын)».
147
Бухари, Азан,1; Муслим, Саләт,1/377.