93
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
Хазірет Абдуллаһ (р.а.) таң атар-атпастан қуанышы
қойнына сыймай, Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп көр
ген түсін айтып береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тыңдап
болып, азанды сол қалпында айтуды лайық көреді де,
азан сөздерін хазірет Біләлға (р.а.) үйретуді бұйырады.
Хазірет Біләл (р.а.) өзінің зор дауысымен азан шақырып,
күллі Мәдинәні жаңғыртты. Бұл азанның даусын естіген
хазірет Омар (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанына
келіп: «Пайғамбарым, Сені хақ дінмен елші қылып жі
берген Аллаһқа ант етейін, Абдуллаһтың (р.а.) көрген
түсін мен де көріп едім» – дейді.
Пайғамбарымыз екі кісінің бірдей түскөргеніне
Аллаһқа шүкір етті. Сол түні бірнеше сахабаның дәл
сондай түс көргендігі де айтылады. Сөйтіп, азанның
дәл сол қалпында айтылуы керектігіне еш күмән қал
маған еді.
Азан – намаз уақытының кіргенін білдіріп, жама-
ғатпен намаз оқуға шақырады. Сонымен қатар, бар-
ша жұртқа Аллаһтың ұлылығын, Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) Аллаһтың елшісі және намаздың игілікке апарар
ізгі жол екенін жариялайды.
Намаз уақыттары күннің жылжуымен өлшенген-
діктен, жер жүзі үздіксіз оқылған азан үнімен жырға
бөленіп тұрғандай әсер қалдырады.
Азан шақырудың артықшылығы жайында Пайғам-
барымыз (с.а.с.): «
Азаншының дауысын естіген жын
мен адамзат және басқа жаратылыстар Қиямет күні
оған куә болады
»
148
– деген.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Кімде-кім жеті жыл
мешітте имам болса, есепсіз жаннатқа кіреді. Ал
148
Бухари, Азан, 4.